ШЫМКЕНТ: І ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «PUPPETLAND» ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЛАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

Шымкентте  қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының  40 жылдық мерейтойы аясында І Халықаралық «Puppetland»  қуыршақ театрлары фестивалі басталды.  Бес күн бойы  Армения, Польша, Өзбекстан, Перу, Түркия, Ресей, Гонконг, Израиль, Иран, Қырғызстан, , Чехия, Эстония, Тәжікстаннан және еліміздің бірқатар өңірлерінен келген өнер ұжымдары өз өнерлерін көрсететін болады.

Шымкенттегі «Арбат»  алаңында ұйымдастырылған  қуыршақ театрларының халықаралық фестивалінің ашылу салтанатына  қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов қатысып, өнер ұжымдарын құттықтады.

–Бүгінгі өнер мерекесі парасатты әрі білімді ұрпақ тәрбиелеу жолында еңбек етіп келе жатқан Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының 40 жылдық мерейтойына арналған. Фестивальдің негізгі мақсаты – отандық қуыршақ театры өнерінің дамуына ықпал ету, әртістеріміздің кәсіби деңгейін арттыру. Сондай-ақ, мұндай шаралар қуыршақ өнер саласындағы халықарылық мәдени байланыс пен ынтымақтастықты нығайтуға көмектеседі. Бүгінгі мерекеге әр елдің үздік қуыршақ театрлары жиылып отыр. Дарынды режиссерлардың қойылымдары мен актерлердің өнері көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлап, балалардың есінде ұзақ уақыт сақталып қалатынына сенімім мол, – деді Қуаныш Асылов.

Айта кетейік, І Халықаралық «Puppetland»  қуыршақ театрларының  фестиваліне  шет елдерден келген 13 өнер ұжымы және еліміздің 7 қуыршақ театры қатысып жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *