МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАР АРАСЫНДА СПОРТТЫҚ ТИМБИЛДИНГ ӨТТІ

Шымкентте мүгедектігі бар азаматтар арасында спорттық тимбилдинг  өтті. Жарысқа тірек-қимыл аппараты бұзылған, зағип және есту  мүшелері зақымданған 70-ке жуық мүгедектігі бар азамат қатысты. Мүмкіндігі шектеулі жандар шахмат, шашка және тоғызқұмалақ сынды  спорт түрлерінен кім мықтыны анықтады.

Тимбилдингте мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы жағдай қарастырылды. Әрбір қатысушы аянып қалмады. Тіпті, қатарда Шымкент қаласының нөмірі 19-шы мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебінің спортшылары да болды. Мақсат — ерекше жандардың белсенділігін арттырып, психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету,-дейді мамандар.

Спорттық сайыс «Сізбен біз біргеміз» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әскербек Оспановтың бастамасымен өткізіліп отыр. Ұйымдастырушыға Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығы мен Шымкент қаласы спорт басқармасы қолдау білдірген.

Ешбір ойыншы құр қайтқан жоқ.  Асқан ептілік пен ақыл-ойды  талап ететін спорт түрлері қызықты өтті. Жеке және командалық біріншіліктердегі жеңімпаздар медаль, кубоктар және мақтау қағаздарымен марапатталды.

Тимбилдинг барысында сондай-ақ концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, жарысқа қатысушылар «Түркістан сарайының» «Берік пен Гүлнар» дуэты және әнші Тәттімбет Керейдің  өнерлерін тамашалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *