Шымкентте кәріз жүйелерін жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Өйткені, қала аумағындағы қалдық су құбырлары 77 пайызға тозған.
Алып шаһардың бірінші мәселесі – кәріз жүйесін жаңғырту. Оның да себебі жоқ емес. Мамандардың айтуынша қалдық су жүйесінің алды қала құрылған кезден бері жаңартылмаған. Осы олқылықтың орын толтыру үшін үшінші мегаполисте кешенді жобалар қолға алынды.
«Даму қоры арқылы инвестициялық бағдарламасының орындалуы. 5 жылдық. 9,3 миллиард қаржы қаралған. 2,3 биылға тиесілі. 920 қала су жүйе, 970 кәріз жүйесіне 15 пайызға төмендету болып отыр»,-дейді Табиғи манополияларды реттеу комитеті Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Айсұлу Әлібекова.
Шымкент қаласында су құбырлары желісін және кәріз жүйесін жаңарту, қайта құру мәселесін қаланы сумен қамтып, шайынды су бойынша қызмет көрсетуші «Су ресурстары-маркетинг» ЖШС инвестиция тарту арқылы жүзеге асырып отыр. Қазір қалада ауыз су тасымалданатын 1900 шақырым құбыр болса, соның 1100 шақырымы жаңартылып, жөнделді. Бүгінде шайынды суды тазарту кешенін ұлғайту құрылысы қолға алынған.
Бүгінде қаладағы көпқабатты үйлердің кәріз жүесін жаңғырту жұмыстары қызу жүріп жатыр. 2023 жылы 13 шақырым ішкі кәріз жүйесі жаңартылады. Қазіргі таңда 20 нысан анықталып, мердігері белгіленген.
Мемлекет басшысының халықтың тұрмыстық әл ауқатын жақсарту туралы берген тапсырмасына орай Шымкентте осындай толымды тірліктер атқарылуда. Қаланың даму жоспарына сәйкес, 2022-2025 жылдары кәріз жүйесімен қамту көрсеткішін 75 пайызға жеткізу жоспарға қойылған.