Шымкентте тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті, деп хабарлайды Bozyq.kz.
Бүгін сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының бюджет және экономикалық даму, инвестиция және қалалық жайлы ортаны дамыту жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының тұрақты комиссиялардың отырысына Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Елшиева Альбина Балғабайқызы төрағалық етті. Қалалық мәслихат депутаттары күн тәртібіндегі 2 мәселені қарап, комиссиялардың бірлескен мәжілісі қарауына ұсынылды.
- Бюджет нақтылау;
- Жергілікті бюджеттің кіріс көздерін ұлғайту және салықтық әлеуетін арттыру
шаралары туралы:
Жиынға Шымкент қалалық әкімдігіне қарасты аудан әкімдері, тиісті басқарма басшылары мен ұйым басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Жиында Мемлекеттік кірістер комитеті Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Сапарбек Ешенқұлов, Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Есқараев баяндама жасады. Атқарылған жұмыстар жайын сөз етіп, қажетті қаржыны нақтылау бойынша өз ұсыныстарын айтты. Қалалық мәслихат депутаттарын қызықтырған сұрақтарға жауап берді Өз кезегінде депутаттар бірқатар сауалдар жолдап, бюджетті жоспарлаудағы өзекті мәселелер мен орындалу маңыздылығына тоқталды.