Бүгін Шымкентте Қазақстан Республикасы Кәсіподақтарфедерациясы Халықаралық еңбек ұйымымен бірлесіпұйымдастырған Орталық Азия елдері кәсіподақтарыныңшекаралық ынтымақтастық бойынша өңірлік семинар өтті. Семинар жұмысына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан жәнеӨзбекстанның Ұлттық кәсіптік орталықтарының өкілдеріқатысты.
Семинардың жұмысын аша отырып, ҚР Кәсіподақтарфедерациясы төрағасының орынбасары Гүлнара Жұмагелдиеваіс-шараға қатысушылар көші-қон процестерінің шекарамаңындағы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайынаәсерін талқылайтынын және Орталық Азия елдерініңкәсіподақтар кеңесі (ОАЕКК) шеңберінде шекаралықынтымақтастықтың бірлескен жоспарына ұсыныстарәзірлейтінін атап өтті.
Халықаралық еңбек ұйымы атынан семинарға қатысушылардықұттықтай отырып, Еуропа және Орталық Азия бөлімініңмеңгерушісі ACTRAV / ХЕҰ Сергеюс Гловацкас әлеуметтік-еңбек саласындағы шекаралық ынтымақтастықты дамытудыңмаңыздылығын атап өтті.«Орталық Азия аймағы Ұлы Жібек жолынан бастау алатынинтеграциялық аймақ. Орталық Азия мемлекеттерінің тарихы, мәдениеті, тамыры ортақ. Мемлекеттер шекараласболғандықтан, бір-бірінің әлеуметтік және еңбек саласындағыпроцестеріне әсер етеді. Еңбек мигранттарының әлеуметтікқорғалуын қамтамасыз ету мәселесінде шекаралықынтымақтастық өте маңызды және бұл мәселеде кәсіподақтарғабөлек рөл берілген», – деді халықаралық сарапшы.
Семинардың бірінші бөлімінде Орталық Азия республикаларындағы әлеуметтік-еңбек саласындағыжағдайлар туралы елдік презентациялар ұсынылды. ҚРКФ төрағасының орынбасары Гүлнар ЖұмагелдиеваҚазақстанның әлеуметтік-еңбек саласындағы ахуал жәнеәлеуметтік әріптестік аясындағы ҚРКФ қызметінің негізгібағыттары туралы айтып берді. Ол ҚР Кәсіподақтарфедерациясы – 23 салалық кәсіподақ пен 17 аумақтық бірлестікшеңберінде екі миллионға жуық кәсіподақ мүшелерінбіріктіретін елдегі ең ірі қоғамдық ұйым екенін атап өтті.
«Өткен жылы Кәсіподақтар федерациясының өкілдері 58 құқықтық актіні әзірлеуге қатысты. Заң шығару бастамасысубъектілеріне және мемлекеттік органдарға заңнаманыжетілдіру бойынша 153 ұсыныс жолданды. Олардың бір бөлігіескеріліп, қабылданған заңдарда көрініс тапты. Қазіргі уақыттаеңбек көші-қоны мәселелері бойынша әлеуметтіксеріктестермен өзара әрекеттесу бойынша ұсыныстарәзірленуде», – деді ҚРКФ төрағасының орынбасарыәріптестеріне.
Тақырыпты жалғастыра отырып, ҚРКФ төрағасыныңорынбасары, қазақстандық мұнай-газ кешені салалықкәсіподағының төрағасы Сұлтан Қалиев өңірдегі Кәсіподақтарынтымақтастығын нығайтуда Орталық Азия елдерініңкәсіподақтар кеңесіндегі іс-қимылдар үлкен рөл атқаратынынатап өтті. «Қазақстанның барлық мұнай – газ өңірлері Орталық Азия мемлекеттерімен шекаралас, сондықтан елдердің салалықкәсіподақтар арасындағы шекаралық ынтымақтастықтыОрталық Азия елдері кәсіподақтарының құрылған Кеңесішеңберінде дамыту маңызды», – деді Сұлтан Қалиев.
Өз кезегінде Түркістан облысы кәсіподақтары аумақтықбірлестігі төрағасының орынбасары Айдар Бақтыбаев екі жылбұрын әкімшілік реформадан кейін құрылған жаңа кәсіподақбірлестігі Өзбекстан кәсіподақтарымен шекаралықынтымақтастықты дамытуға өз үлесін қосып отырғанынерекше атап өтті. Өзбекстан Кәсіподақтар федерациясы атынан елге арналғанпрезентацияны ұсынып, ӨКФ төрағасының орынбасары жәнехалықаралық бөлімінің басшысы Яркун Файзуллаев көші-қонпроцестерінің Өзбекстанға әсері туралы айтты.
«Өзбекстан халқы жыл сайын 950 мың адам өсіммен 36 миллионнан астам адамды құрайды. Өзбекстанның 2,5 миллионға жуық азаматы шетелде жұмыс істейді. Бұл жалпыхалықтың 5% құрайды. Осылайша, Өзбекстан еңбекмигранттары бойынша донор елге айналуда», – деп атап өттіЯркун Файзуллаев. Шекаралық ынтымақтастық тақырыбын ӨКФ-ның Жизақоблыстық кеңесінің төрағасы Нусуратулла Пардаевжалғастырды. Ол семинарға қатысушыларды Жизақ жәнеТүркістан кәсіподақтары арасындағы ынтымақтастықтәжірибесі туралы хабардар етті.
Қырғызстан Кәсіподақтар федерациясының өкілі, Талас облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы АқылбекЖақшымбеков сондай-ақ әріптестерінің назарын ОАЕКК шеңберінде жаңа серпін алған кәсіподақтардың өзара іс-қимылын дамыту жайында сөз қозғады. Ел презентациясында Соғды облыстық кәсіподақтар кеңесініңтөрағасы, Тәжікстан делегациясының басшысы ШарифуллоАбдуллозода республикадағы Еңбек кодексіне сәйкескәсіподақтар әлеуметтік-еңбек саласында қоғамдық бақылаудыжүзеге асыратынын және еңбек мигранттарыныңпроблемаларын шешу мәселесі Тәжікстанда да өзекті екенін айтты.
Семинар барысында ACTRAV/ХЕҰ Еуропа және Орталық Азия департаментінің басшысы Сергеюс Гловацкас халықаралықеңбек ұйымының көші-қон саласындағы кәсіподақынтымақтастығы бойынша ұлттық және өңірлік деңгейдежүргізіп отырған саясаты мен ұсыныстары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
«Халықаралық еңбек ұйымы мен өңірдің кәсіподақтардыңәрекеттестігі ХЕҰ мен ОАЕКК арасындағы ынтымақтастықтуралы Алматы декларациясына қол қойылғаннан кейіннығайды. Кәсіподақтар арасындағы шекаралық ынтымақтастықмәселелері бойынша семинар алғаш рет өтуде. Жалпыміндеттерді неғұрлым тиімді іске асыру үшін өңірлік деңгейдешекаралық ынтымақтастық жөніндегі үйлестіру кеңесін құрудықарастыруды ұсынамын», – деді Сергеюс Гловацкас.
Халықаралық сарапшы семинарға қатысушылардың назарынеңбек әлеміндегі ХЕҰ конвенциялары мен ұсынымдарынратификациялау мәселелеріне аударды.
«Еңбекші-мигранттар туралы 97-конвенцияны ратификациялаукөптеген елдер үшін өзекті, өйткені геосаяси жәнеэкономикалық дағдарыстарға байланысты көші-қон процестерікүшейіп келеді. Сонымен қатар, кәсіподақтар № 205 «Бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшінжұмыспен қамту және лайықты еңбек» ұсынымыннасихаттауды күшейтуі керек, – деді ACTRAV/ХЕҰ Еуропажәне Орталық Азия департаментінің басшысы.
Семинар барысында Орталық Азия өңірі кәсіподақтарыныңөкілдері үш жұмыс тобына бөлініп, олардың құрамына әрбіркәсіптік орталықтың өкілдері кірді. Орталық Азия елдерініңкәсіподақтар кеңесі шеңберінде Шекаралықынтымақтастықтың бірлескен жоспарына еңбекмигранттарының проблемаларын шешу бойынша ұсыныстарәзірлеуді жалғастырды.
Айтылған ұсыныстардың ішінде: еңбек мигранттарынқабылдаушы елдің кәсіподақтарының мүшелігіне қабылдауарқылы олардың құқықтарын қорғау; көші-қон саласындағыөзара іс-қимыл мәселелері бойынша шекара маңындағыкәсіподақ бірлестіктері арасында үшжақты меморандумдаржасасу; Бас келісімге, салалық және өңірлік келісімдергееңбекші-мигранттарды қорғауды қамтамасыз ететінстандарттарды енгізуді қарастыру; ХЕҰ тарапынан ақпараттықжәне техникалық қолдау көрсету; аймақ елдерінің еңбекзаңнамасын үйлестіру туралы; шетелде жұмыс істейтінмигранттарды жалпы еңбек өтіліне қосу туралы; еңбекші-мигранттардың орналасқан жері мен қабылдаушы елдегіжұмысқа орналасуын ескере отырып, есепке алу үшінбіріктірілген цифрлық платформа құру және т.б.
Өңірлік семинарға қатысушылар Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан ұлттық кәсіподақ орталықтарына, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің кәсіподақтар кеңесіне жәнеХалықаралық еңбек ұйымына өз ұсыныстарын жолдауда. Жұмыстың бұл форматы аймақтағы барлық елдердің пікірлерінескеруге мүмкіндік береді.
Сейсенбі күні Шымкентте республикалық кәсіподақорталықтарының өзара іс-қимылы аясындағы іс-шаралар легіОрталық Азия елдері кәсіподақтары кеңесінің VI отырысындажалғасады. 18-19 қазанда «Климаттың өзгеруі бойыншакәсіподақ әрекеті» аймақтық конференциясы өтеді.
ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиаорталығы