ШЫМКЕНТ: ҚАЛА БЮДЖЕТІ БЕКІТІЛДІ

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен бүгінгі сессияда бірқатар маңызды шешімдер қабылданды. Отырыста мегаполистің 2023 – 2025 жылдарға арналған бюджеті нақтыланып, бюджет 662 млрд теңге көлемінде бекітілді. Оның 28,5 пайызы даму бюджеті, 1,5 пайызы ағымдағы шығындарды құрайды. Қаражат ең алдымен, халықтың өзекті мәселелерін шешуге, тұрмысын жақсартуға жұмсалады.

Сондай-ақ жиында қолайлы инвестициялық орта қалыптастыруда атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды. Биыл мегаполис экономикасына 434,3 млрд теңге инвестиция тартылған. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 721,7 млрд теңгеге жеткізіп, өткен жылмен салыстырғанда 32 пайызға арттыру жоспарлануда.

 «Бұл бағыттағы жұмыстарды әлі де жалғастырамыз. Осы ұсыныстарды қарап, қолдағандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Қаламызды дамытуда өздеріңізбен бірлесе жұмыс жүргізетін боламыз», — деді қала әкімі Ғабит Сыздықбеков.

Сессия отырсында  XIX жазғы Азия ойындарында ел намысын абыроймен қорғаған  бірқатар азаматтар марапатталды. Шымкенттегі жоғары спорт шеберлігі мектебінің каратэ бөлімінің жаттықтырушылары Б. Тоқсейтов пен Н.Репин, №14 спорт мектебінің аға жаттықтырушысы Н.Юнусметова, кешенді спорт мектебінің байдарка және есу бөлімінің жаттықтырушысы М.Емельянов пен №4 спорт мектебінің директоры Б.Джаксыкулов,  Шымкент қалалық мәслихатының  депутаты, №9 көркем гимнастикадан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар – жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Алия Юсупова «Құрмет» грамотасымен марапатталды.

Сессияның күн тәртібіне қойылған мәселе толық қаралып, шешімдер бірауыздан қабылданды. Отырыс соңында сөз алған қала әкімі Ғабит Сыздықбеков депутаттарға қолдау көрсеткендері үшін алғысын білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *