Шымкент қалалық сотында Республика күніне орай салтанатты жиын өтті. Жиынға сот жүйесінің ардагерлері мен жергілікті соттардың төрағалары, судьялары және сот мамандары қатысты.
Салтанатты жиынды төраға м.а. Бәйдібек Дүйсебеков ашып: «Сіздерді ертеңгі 25-қазан – Республика күні Ұлттық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Өздеріңізге белгілі, 2022 жылғы маусым айында Ұлттық құрылтайдың отырысында ел Президенті Қ.К.Тоқаев 25-қазан – Республика күніне Ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынған болатын. Өткен жылдан бастап, егеменді мемлекет құрудағы тарихи қадамның символы ретінде Республика күні Ұлттық мерекесінің мәртебесі жоғарылап келеді. Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданған уақыттан бергі жылдар ішінде республикада экономиканың барлық салаларында серпінді қадамдар байқалғаны белгілі. Сонымен қатар, еліміздің сот жүйесі де біртіндеп жаңаша қалыптасып, соттар мен судьялар құқықтық жағынан Егемен мемлекет жағдайындағы жұмысқа қайтадан бейімделді.» — деді.
Одан кейін Сот әкімшілігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Берік Мейірханов сөз алып : «Өткен ғасырдағы 90-жылдардың тарихына көз жүгіртсек, Қазақ Кеңестік Советтік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1990 жылғы 25-қазандағы шешімімен «Қаз КСР-нің Мемлекеттік Егемендігі туралы» Декларациясы қабылданған болатын. Биыл 25-қазан елімізде екінші рет Мемлекеттік мереке ретінде жоғары деңгейде аталып өтуде. Баршаңызды 25-қазан – Республика күні Ұлттық мерекесімен құттықтап, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке, жақсылық тілеймін!» деді.
Жиын барысында, мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маман – сот отырысының хатшысы Әйгерім Жақсыбаева және Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының жетекші маманы Әбдіқадыр Жарқынұлы ант қабылдады.
Одан кейін Бәйдібек Сәулебекұлы, Берік Талғарбекұлы және Қазақстан Судьялар одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Айнель Орақбаева қала соттарының бірқатар судьялары мен сот қызметкерлеріне марапаттар тапсырды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының II дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен Шымкент қалалық сотының судьялары Бахтияр Нәсірдінов пен Еркебұлан Төлешов және III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен Әбсаттар Шахидинов пен Назира Аманқұлова, «Сот жүйесінің үздігі төсбелгісімен» Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Айсара Нұрманбетова, ал, «Алғыс хатпен» Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Ляззат Әуелбекова және Мамандандырылған экономикалық сотының судьясы Гулвира Жолбарыс марапатталды.
Қалалық сот төрағасының «Алғыс хаты» Шымкент қаласының азаматтық істер сотының судьялары Элеонора Бакироваға, Еркін Отарбаевқа, Света Нурбековаға және Мая Шертаеваға табысталды.
Қазақстан Судьялар одағының «Үш би» құрмет белгісімен отставкадағы судья Несібелі Қойшығұлова және Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Абдуғаппар Бекназаров, «Судьялар одағының құрметті мүшесі» атағымен Шымккент қалалық сотының судьясы Мәлік Жарқынбеков, «Құрмет грамотасымен» Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьялары Ғани Байарыстан мен Гульмира Рахимбаева және Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Болат Қарабаев, соныменн қатар, «Алғыс хатпен» Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Гулиза Мамырова, Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Гулсара Рахметуллина, Сот әкімшілігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Құжат айналымы бөлімінің жетекші маманы Мұқамеджан Тілләбай марапатталды.
Департамент басшысы Берік Талғарбекұлы Жоғарғы Соттың III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен Персоналды басқару бөлімінің бас маманы Айгүл Егамбердиева, «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгісімен Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының әкімшісі басшысы Гульмира Себаева, Мамандандырылған экономикалық соты әкімшісінің бас маманы Айгүл Сайранбаева және қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты әкімшісінің сот приставы Мақсат Алтынбеков «Құрмет грамотасымен», ал, азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты әкімшісінің жетекші маманы Ұлбала Әшім «Алғыс хатпен» марапатталды.
Департамент басшысының «Алғыс хатымен» Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты әкімшісінің бас маман – сот отырысының хатшысы Аружан Сейтжан, мамандандырылған тергеу соты әкімшісінің бас маманы Аружан Касымбекова, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің бас маманы Абзал Алибеков, әкімшілік соты әкімшісінің сот приставы Нурбол Торехан, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты әкімшісінің сот приставы Амангелді Бөртебай, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық соты әкімшісінің бас маман – сот отырысының хатшысы Бибайша Тулегенова, әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің бас маманы Зарина Маликова, Шымкент қаласы бойынша департаменті Соттардың инфрақұрылымын дамыту бөлімінің жетекші маманы Әйгерім Құлтас және Ұйымдастыру-талдау бөлімінің бас маманы Абай Абуов марапатталды.
Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.