ҚАЗАҚТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІЛІК ДӘСТҮРІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН ТАРИХИ КҮН

Құрметті қазақстандықтар! Ардақты жерлестер!

Сіздерді ұлттық мерекеміз Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіздік жылдар тарихының әрбір бетінен еліміздің барлық саласында қарқынды дамуды, елеулі өзгерістерді көруге болады. Соның ішінде, медицина саласында да үлкен рефермаларды бастан кешті. Шымкент қаласының өзінде соңғы он жылдықтарда қаншама денсаулық сақтау орталықтары бой көтеріп, материалдық-техникалық база нығайтылды. Емдеудің жаңа әдістері енгізіліп, адам өмірін арашалап қалудың мүмкіндіктері артты. Денсаулық ұйымдарының материалдық-техникалық базасының жақсарып, қажетті құрылғылармен қамтылуы және кәсіби дәрігерлердің жаңашылдығы мегаполис медицинасын республикада жаңа деңгейге көтерді.

Оның дәлелі, республикадағы ең күрделі деген оталарды шымкенттік дәрігерлер өздері жасауда. Айталық, Шымкенттегі қалалық №1 клиникалық ауруханада, Жүрек орталығында, балалар клиникалық ауруханасында, онкология орталығындағы әріптестеріміз күрделі отларды сәтті жасап, адамдарға өмір сыйлады. Медицинадағы мұндай игілікті істер еліміздің тыныштығы, ынтымақ-бірлігі, ең бастысы Тәуелсіздіктің арқасында болып жатқан жетістіктер.

Айтулы мерекемен баршаңызды құттықтаймын! Еліміз бай-қуатты болсын! Әрбір отбасында қуаныш, шаттық, несібе-ырыс мол болсын!

Еркін МЕДЕТОВ, Шымкент қаласының бас нейрохирургі

#Республикакүні

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *