ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ӨМІРШЕҢ БОЛСЫН!

Құрметті отандастар!

Сіздерді Республика күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мерекенің тарихын әрбір қазақстандық жақсы біледі. 25 қазан — біздің еліміз үшін маңызды күндердің бірі. Дәл осы күні 1990 жылы Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл – ел тәуелсіздігінің алғашқы қадамы болатын.

Екінші жыл қайта тойланып, жаңғырып отырған мереке өміршең болсын! Мерекенің тарихы ойға оралғанда егеменді еліміздегі әрбір саладағы жетістіктерді көруге болады. Өзіміз қызмет етіп жүрген денсаулық сақтау саласында тың жаңалықтар мен жаңашылдықтарды атап өтпеске болмас. Еліміздің үшінші мегаполисінде медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы жаңарып, емхана мен ауруханалардың саны көбейді. Сан ғана емес, сапа да жақсарды. Ең маңыздысы – білікті дәрігерлердің қатары көбейгенін мақтанышпен айтқым келеді. Бір ғана қалалық клиникалық балалар ауруханасында пациенттерге арналған қажетті нейрохирургия, ангиохирургия және интервенционды кардиодогия, сонымен қатар оториноларингология бөлімшелері ашылып медициналық көмектің көлемі ұлғайды. Арухана төсек орын қоры 315 төсектен 495 төсекке көбейіп, қосымша баланасқа ғимарат берілді. Бұл өз кезегінде төсек орын таршылығын едеуір төмендетуге мүмкіншілік берді. Сонымен қатар мереке қарсаңында алғаш рет эндоваскулярлы әдіспен жүрекке окклюдер орнату отасы жасалды. Сондай ақ нейрохирург дәрігерлеріміз эпилепсия ауруына шалдыққан науқастарға кезбе нервке нейростимулятор қондырғысын орнату күрделі отасын сәтті жасауды меңгеріп халықтың алғысына бөленуде.

Бейбіт, ынтымағы жарасқан елде өмір сүріп жатқан бақытты халықпыз! Жүрегіміз мемлекетімізге деген мақтаныш сезіміне бөленіп, бірлік пен түсіністікте ғұмыр кеше берейік!

Осы мерекелі күнде сіздерге денсаулық және бақыт тілеймін! Барлық бастамаларымыз нәтижелі, ал болашағымыз жарқын болсын!

Динара ЖҰМАДІЛОВА, Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының бас дәрігері

#Республикакүні

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *