РЕСПУБЛИКА КҮНІ МЕРЕКЕСІНДЕ ЕЛІМІЗДІҢ ИГІЛІГІ, БАҒА ЖЕТПЕС ҚҰНДЫЛЫҒЫ ҰЛЫҚТАЛАДЫ

Биыл 25 қазанда Республика күні елімізде ұлттық мереке ретінде екінші рет аталып өтеді. Естеріңізде болса, өткен жылы 29 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойған еді. Аталған заңға сәйкес 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні, ал 16 желтоқсан мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күні болып белгіленді.

Біз үшін Тәуелсіздігіміздің алтын тұғыры, елдігіміздің бастауы саналатын Республика күнінің маңызы зор. 1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғарға Кеңесінің шешімімен «Қаз КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Бұл декларация ел тәуелсіздігінің іргетасы болды. Өзінің жеке территориясы мен діні, тілі, азаматтығы мен жеке бюджеті бар дербес елге айналды. Республика күні – еліміздің игілігі, баға жетпес құндылық. Сол себепті бұл күннің мән-маңызын жас ұрпаққа көбірек дәріптеп, ұлттық рухты асқақтататын, айбынымызды асыратын іс-шаралар ұйымдастырып, жоғары деңгейде атап өтуіміз шарт.

Егемендіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сіздерге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!

БЕКТАЕВА ЖАНАР ӘЛІБЕКҚЫЗЫ, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы

#Республикакүні

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *