РЕСПУБЛИКА КҮНІНДЕ КӨК БАЙРАҒЫМЫЗ БИІКТЕ ЖЕЛБІРЕДІ

Бүгін қаладағы «Тәуелсіздік» саябағында Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті. Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков те қатысты.

Сондай-ақ, зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері, мәслихат депутаттары мен жастар жиылды. Жиналған көпшілік Әнұранды шырқап, көк Туымыз биікке көтерілді. Салтанатты шараға қытысушылар тәуелсіздіктің қадірін біліп, келешектің іргетасын бірге қалауға шақырды. Елдің амандығын, іргенің бүтіндігін тілейді.

Бүгінгі Республика күні құтты болсын.Барлықарыңызға зор денсаулық, ашық аспан, қажымас қайрат, жанұяларыңызға бақыт тілеймін,-дейді Шымкент қалалық ардагерлер коалициясының төрағасы Серікбай Оңбаев.

Бүгін еліміздің барлық өңірінде мемлекеттік Ту бір мезетте көтерілді. Қайта жаңғырған ұлттық мереке — Республика күні биыл екінші жыл қатарынан аталып өтуде. Тәуелсіздігіміздің айшықты мерекесі Шымкент қаласында да өз деңгейінде тойлануда.

Үлкен  концерттік бағдарламалар, патриоттық челлендждер, республикалық байқаулар ұйымдастырылды. Тағы да қоса айтарымыз, іс-шаралардың барлығы өздерінен шықты. Яғни, бастамашы жастар болып Республикалық деңгейдегі іс-шаралар ұйымдастырылды,-дейді Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Мағжан Исахов.

Айта кету керек,  2022 жылдан бастап  25 қазан ұлттық мереке боп бекітілді.  1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *