ҚАЛА ӘКІМІ ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ НЫСАНДАРЫН АРАЛАП, ЖҰМЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгінде Шымкент қаласының  бас жоспарына сай  Қонаев даңғылының бойында  құрылыс қарқынды жүргізілуде. Бұл құрылыс Бадам көпірінен оңтүстік бағытқа қарай 4,7 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда 2,8-4,7 шақырымдар аралығында жол негіздері салынып, асфальтобетон жабындысының төменгі қабаты жүргізілген. Сонымен қатар, мұнда инженерлік желілер жобаға сәйкес қайта орнатылды.

Құрылыс жұмыстары Бадам өзені арқылы өтетін көпірден Саттарханов көшесіне дейінгі аралықта жалғасуда. Аталған жол бөлігін көлік қозғалысына 5 қарашаға дейін ашу жоспарланып отыр. Бүгінде Жансүгіров, Анаров көшелерінен Рашидов көшесіне дейінгі аралықта көлік нөпірі көп. Жүріс бөлігі төмен түсіп, шұңқырлар пайда болғандықтан, көлік қозғалысына қауіптілігі ескеріліп, орташа жөндеу жүргізілуде.

Қала басшысы осы аумақта атқарылып жатқан жұмыстардың қарқынын қадағалады. Жобада жол жамылғысын жаңарту, құдықшаларды ауыстыру қарастырылған. Орташа жөндеу жұмыстарын 1 қарашаға дейін аяқтау жоспарланған. Қала әкімі жауаптыларға ең алдымен сапаны назарға алып, жұмыстарды өндірістік кестеге сай аяқтауды тапсырды.

Айта кетейік, қаламызда жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында жыл сайын басымдылық берілуде.

Мәселен, 2020 жылы жол құрылысы саласынада 225 нысан немесе 283,8 шақырым жол жөндеуден өтті.2021 жылы 137 нысан немесе 189,7 шақырым жолға құрылыс жұмыстары жүргізілді. 2022 жылы автомобиль жолдары саласында 158 нысанда  немесе 287,8 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тапсырылды. Ал жыл соңына дейін жоспарға сәйкес 280 нысан 304 шақырым жол құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Осылайша биылғы жылдың соңына дейін қала жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 71,2% пайызға жеткізу көзделген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *