СТУДЕНТТЕР ЗЕРТХАНА ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Қазақстанда жол саласында маман тапшы. Ресми деректерге сүйенсек, автомобиль жолдарын салу және жөндеу жұмыстарына 30 мыңдай адам қажет екен.

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалыда   болашақ жолшыларға  арналған «Ашық есік»  күні өтті.  М.Әуезов атындағы ОҚУ  студенттері зертхана жұмысымен танысты.  Білікті мамандар студенттерге асфальт-бетон жабындысының құрамын, тығыздығы мен суға қанғыштық қасиетін анықтайтын бірнеше сынамаларды іс жүзінде көрсетті. Қазақстандағы жолдар туралы өңірдің және жалпы еліміздің автожол саласының жетістіктері туралы кеңінен ақпарат берді.

«Әсер өте керемет. Біз шын мәнінде өз мамандығымызды терең түсінуге мүмкіндік ала бастадық. Сонымен қатар Ұлттық сапа орталығының жұмысымен етене таныстық. Әсеріміз өте керемет. Өз мамандығымызға деген мативациямыз ашыла бастады»,-дейді М. Әуезов атындағы ОҚУ студенті Еламан Жолбасаров.

«Жастардың білім көкжиегі кеңейіп, теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Қарым-қабілеті жоғары студенттерге алдағы уақытта ақылы өндірістік тәжірибеден өтуге де ұсыныстар айтылды.

«Бұндай «Ашық есік»  күні бұған дейін болған. Бұдан кейін де жалғасады. Іс-шараның негізгі мақсаты жол саласына жақсы мамандарды, жақсы кадрларды дайындау»,-дейді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы»  РМК Шымкент қалалық филиалы Сынақ зертханасының меңгерушісі Ермек Намазов .

Танымдық кездесуде қалада салынып жатқан көлік жолдарының сапасын бақылау жайы сөз болып,  жол мамандықтары турасында жан-жақты түсінік берілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *