ҚАЛА ӘКІМІ АҚШ-ТЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниел Розенблюммен кездесті. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты арттырудың тетіктерін қарастырып, болашақ инвестициялық жобаларды талқылады.

Шетелдіктер туризм, мәдениет, ауылшаруашылығы салаларын дамытуда инвестициялық жобалар ұсынды. Осылайша Шымкент әкімі өз сөзінде мемлекеттік қолдау аясында өңірде американдық жаңа бастамаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.

«Инвестиция тарту — қаланы дамытуда маңызды бағыттардың бірі. Мемлекеттік қолдау шаралары аясында біз американдық капиталдың қатысуымен бірқатар жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз. Қаламызда 4 өнеркәсіптік аймақ жұмыс істейді. Инвестициялық алаңдарда барлық жағдайлар жасалған. Сіздермен бірлескен жұмыстың нәтижесінде екі елдің бизнесінің игілігі үшін жаңа жобалар іске асырылады деген сенімдемін», — деді қала әкімі.

Екі ел арасында түрлі бағыттағы қарым-қатынастарға негізделген стратегиялық серіктестік орнатылған. АҚШ ел экономикасының ірі инвесторы болып табылады. Бүгінде қаламызда американдық капиталдың қатысуымен 10 заңды тұлға, филиал тіркелген. Шетелдік компаниялар өңдеу өнеркәсібі, көтерме және бөлшек сауда, ақпараттық байланыс салаларында жұмыс істейді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта қаламызда американдық капиталдың қатысуымен 10 заңды тұлға, филиал тіркелген. Шетелдік компаниялар өңдеу өнеркәсібі, көтерме және бөлшек сауда, ақпараттық байланыс салаларында жұмыс істейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *