ШЫМКЕНТ: 23 ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҒЫ МЕН 17 СОРҒЫ СТАНЦИЯСЫ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ТОЛЫҚ ДАЙЫН

Шымкенттегі 23 жылу қазандығы мен 17 сорғы станциясы жылыту маусымына толық дайын. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Нұрсадық Ергешбекұлы мәлімдеді.

Шымкент қаласының 2023-2024 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарының іс-шара жоспары мен штаб құрамы бекітіліп, бүгінгі таңда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілері мен инфрақұрылым жүйелерінің дайындық жұмыстары толық аяқталды.  Қаланың бөлек орналасқан 23 жылу қазандығы мен орталықтандырылған жылу жүйесіндегі 17 сорғы станциясы жылу беру маусымына толық дайын,- деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Нұрсадық Ергешбек.

Қала әкімінің орынбасары Нұрсадық Ергешбекұлы шаһардағы  2024 көпқабатты тұрғын үй жылу жүйесіне қосылғанын атап өтті. 1 қарашадан бастап төлем ақы жүргізілетін болады.  Үйлерді жылуға қосу кезінде айта кететін жағдай, «Қуатжылуорталық-3» МКК-ны жүйесіне қосылған көппәтерлі үйдегі элеватордың бірінші торабына дейін ғана жылумен қамтамасыз етуге жауапты,»- деді спикер.

Сондай-ақ, Нұрсадық Ергешбек тұрғындар да қол қуыстырып қарап отырмауы қажет екенін атап өтті. Жылу берілген үйдің пәтер иелері жоғарғы қабаттан немесе пәтер ішінен ауа шығару жұмыстарын жүргізу қажет. Бұдан бөлек, сервистік қызмет көрсететін мекемелермен келісім-шартқа тұрмаған көпқабатты тұрғын үй тұрғындары жарамсыз құбырлары мен тағы басқа материалдарын қамтамасыз еткен жағдайда «Қуатжылуорталық-3» МКК-ны тиісті жұмыстарды атқаруға дайын.

Қаладағы 5 ауданда, жылу жүйелерінде ақау орын алған жағдайда, «Қуатжылуорталық-3» МКК-ны тарапынан 36 авариялық бригада жасақталған.

Бұдан бөлек, қала тұрғындары үшін жылу маусымында орын алған ақаулықтарды оперативті түрде жөндеу үшін өтінімдерді қабылдау бойынша диспетчерлік қызмет (телефон номерлері: 44-81-89, 44-82-37) пен бірыңғай «I-Komek-109» орталығы 24/7 форматында жұмыс жасауда.

Сондай-ақ, аудан әкімдіктеріне қарасты коммуналдық мемлекеттік мекемелері құрылып, тұрғындардың коммуналдық мәселеге қатысты арыз-шағымдарын қабылдауға бірыңғай байланыс орталықтары жұмыс атқарады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *