NEET санатындағы жастарға арналған жоба жеңімпаздары белгілі болды,-деп хабарлайды Bozyq.kz.
Шымкент қаласы мен Батыс Қазақстан облысы бойынша 25 қыркүйекте іске қосылған «Zhas Project» жобасының «Шағын гранттар» конкурсының жеңімпаздары анықталды. Оған Жастар ресурстық орталығының басшының орынбасары Дінмұхаммед Қанатұлы, «Қорған-М» ҚБ басшысы Диана Киргизбаева мен жобаға өтінім білдірген жастар қатысты.
«Zhas Project» жобасы — Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қаржылық қолдауымен ҮЕҰ үшін 2023 жылға арналған мемлекеттік грант шеңберінде жүзеге асырылуда. Бұл – ең бірінші кезекте NEET санатындағы жастарға арналған.
Батыс Қазақстан және Шымкент қаласы бойынша жалпы 84 өтінім түскен. Оның ішінде 35 өтінімді шымкенттік жастар құраса, қалғаны БҚО-ның жастары болып табылады. Конкурстың қорытындысы бойынша Шымкент қаласынан 20, БҚО бойынша 8 шағын грант иегерлері анықталды.
Жоба — 2023 жылдың қыркүйегінен 2024 жылдың қазанына дейін іске асырылады. 2024 жылдың көктемінде гранттардың екінші циклы өтетін болады. Оған NEET санатындағы жастар үшін жыл сайын 1 000 000 теңгеге дейінгі сомада 28 грант бөлу жоспарланған.
Еске сала кетейік, «Zhas Project» жобасы жөнінде 9 қазан күні Ақпараттық-коммуникация орталығында өткен брифингте айтылған болатын. Жоба — шағын гранттар конкурсы туралы ереженің 3-тармағы бойынша жүзеге асырылды.