КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ШЫМКЕНТТЕГІ ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРДЫ МАРАПАТТАДЫ

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында салтанатты жиын өтті. Онда үшінші мегаполистегі дуальды оқыту жүйесіне қатысушыларға марапаттар тапсырылды.

«Жуырда ғана 25 қазан – Республика күні өтті. Бұл – еліміздегі ең ұлық күндердің бірі. Мерекеге орай «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының орталық аппаратының және өзіміздің атымыздан марапатымызды табыстауға рұқсат етіңіздер. Сіздер Шымкенттегі дуальды оқыту жүйесіне бірнеше жылдан бері белсенді қатысып, дамытуға үлес қосып келесіздер. Алдағы уақытта жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!», – деді Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова.

«Атамекен» ҰКП Президиум Төрағасы Баталов Райымбек Әнуарұлының Алғыс хаты «Гауһар» тігін фабрикасы» ЖШС, «Ладушки» ЖШС, «Ай Сервис Транс» ЖШС, «Alliance Buldungs» ЖШС және «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС директорларына табыс етілді. Шымкенттегі колледж және орта арнаулы оқу орындарының студенттері осы компаниялардың өндіріс орындарында іс-тәжірибеден өтіп, дуальды оқыту жүйесімен қамтылған.

Сонымен қатар Шымкент аграрлы колледжі, Жеңіл өнәркәсіп және сервис колледжі, Индустриалды-техникалық колледж, Жол-көлік колледжі, Политехникалық колледж, М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі, Энергетика және байланыс колледжі, Тамақ индустриясы және сервис колледждерінің басшылары Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасы директорының Алғыс хатын иеленді.

Өндіріс орындары мен оқу орындарының жетекшілері өз кезегінде еңбектерін елеген Кәсіпкерлік палатасының басшылығына алғыстарын айтып, алдағы уақытта да елімізге қажет сапалы маман дайындауға үлестерін қосуды жалғастыра беретіндерін жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *