Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасы Медициналық орталығының “ Қарлығаш” балабақшасы ҚР Президенті орталығымен бірлесіп “Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың заманауи үрдістері”атты “QARLYGASH -2023” II Халықаралық ғылыми -практикалық конференциясы өтті. Оған Шымкент қаласынан бір топ педагог қатысты.
Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған “QARLYGASH -2023” II Халықаралық ғылыми -практикалық конференцияда мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі өзекті мәселелер сөз болды. Қазақстанның әр өңірінен келген сала мамандары өз шығармашылығымен бөлісіп, қазақ халқының ұлттық құндылықтарын насихаттады.
Конференцияға Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты “Мектепке дейінгі дамыту орталығы” директоры міндетін атқарушы Утемисова Салтанат Бортаевна “Мектепке дейінгі білім берудің үздік тәжірбиелер”, тәрбие мен оқыту сапасын қамтамасыз ету бөлімінің әдіскерлері Қалдыкүл Әбдітайқызы Сейдахметова “Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру ерекшеліктері”, Құлжабаева Бибінұр Серікқызы “Ойынды оқу құралы ретінде пайдалану негізінде баланың ойлау қабілеттерін дамыту” тақырыбында өз баяндамаларымен бөлісті.
Конференция соңы Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқармасы Медициналық орталығының “ Қарлығаш” балабақшасы РМК — барумен аяқталды.