АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Шымкентте  «Таза қала өзіңнен басталады» акциясы аясында кезекті жалпықалалық сенбілік өтті, деп хабарлайды Bozyq.kz ақпараттық  агенттігі  Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтыны сілтеме жасап.

Қала әкімінің бастамасымен қолға алынған тазалық шарасына мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, тәртіп сақшылары, шахар тұрғындары мен еріктілер қатысты. Әр мекеме өзіне жүктелген аумақты қоқыстан тазалады.

«Таза қала өзіңнен басталады» акциясы 83 мыңнан астам адам қатысты. Тазалық шаралары барысында 68 техниканың көмегімен 563 текше метр қоқыс шығарылды.

Қала тұрғындары, кәсіпкерлер, ерікті жастар, қоғам белсенділері қала аумағын тазартуға, көгалдандыруға атсалысты.

Сенбілік барысында Тұран ауданындағы Малқаров көшесіне 250 дана қырым қарағайы және өзге де ағаш түрлері отырғызылып, аталған аумақ жасыл желекке оранды. Тұрғындар ағаштарды әктеу, көгалдандыру, тазалық жұмыстарын орталық көшелерде, көпқабатты үйлердің аулаларында жалғастырды.

Айта кетейік, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің бастамасымен 7 қазан күнінен бастап «Таза қала — өзіңнен басталады» атты акциясы аясында жалпықалалық сенбіліктер басталған болатын.  Акция аясындағы алғашқы сенбілік барысында Шымкент қаласы әкімдігінің құрылымдық басқармалары және аумақтық органдары тазалық жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес жүргізуде.  Ал, аудан әкімдіктері қоқыс жинақталған орындар мен Бадам өзенінің жағалауын тазалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *