ЖОЛ ЖАЙЫН ЖҮРГЕН БІЛЕР

Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы  журналситердің басын қосып баспасөз-турын ұйымдастырды. Бір топ  БАҚ өкілдері  М.Х.Дулати, Қазыбек би, Қонаев даңғылының  2-ші, 5-ші кезеңі және «Оңтүстік» айналма жолында жүзеге асқан жұмыстармен танысты.  

Шымкент – автокөлік ең көп шоғырланған қалалардың арасында  көш басында тұр. Сол себепті, ағымдағы жылы басқарма тарапынан 245  орталық магистрал және ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бүгінгі таңда 209 нысанында құрылыс жұмыстары аяқталған.  Сонымен қатар, орталық жол жамылғысы тозған магистралды 31,1 шақырымды құрайтын 15 көше орташа жөндеуден өтіп жатыр.

Қонаев даңғылының жалғасы Оңтүстік бағытқа қарай, жалпы Республика көшесіне балама ретінде салынуда. 1-ші, 3-ші, 4-ші кезеңде жұмыстар аяқталды. 2-ші, 5-ші және 6-шы кезеңде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жалпы нысанды 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарда. Бесінші кезеңнің жалпы ұзындығы – 4,7 шақырым. Осы айда аталған жол Саттарханов көшесіне дейін көлік қозғалысына ашылады. Қонаев даңғылы жалғасы құрылысы «Оңтүстік» айналма жолына қосылады, – дейді Өмір Сәметұлы.

Шымкентте биыл 300 шақырым жол салынады. Бүгінде жоспарланған жұмыстың 90 пайызы аяқталған. Қалған 10 пайызы  қарашаның соңына дейін бітіп, пайдалануға беріледі.  «Жолдың сапасы  басты назарда»,-  дейді жолшылар.

-Жұмыс барысында ақаулар болады. Бірақ,  ол жұмыс барысында реттелуде.  Көп жағдайда проблема  орташа жөндеуде болып жатыр. Ал мынау күрделі жөндеуде, құрылыс жұмыстарында ақаулар көп емес,-дейді  «Ұлттық сапа орталығы»  РМК Шымкент қалалық филиалының директоры Мұхтар Дүйсембеков.

Таяуда Дулати мен Қазыбек би көшелерінде көлік құралдарының қозғалыс бағыттары өзгерген болатын. Басқарма басшысының орынбасары бұл өзгерістер қаланың орталығына, солтүстігіне шығатын көліктерге ыңғайлы жағдай жасау, кептелістердің алдын алу мақсатында ұйымдастырылғанын атап өтті.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *