АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА ОҚИДЫ

Шымкент қаласында Тимур Пак есімді корей ұлтының жігіті тұрады.  Тілі де, ділі де қазақ болып кеткен азамат ұлы ойшылдың қара сөздерінің мән-мазмұнын талдап, талқылауға  шебер. Ақын жігіт  Абайдың өлеңдерін жатқа оқиды..

Тимур — Түркістан облысы Мақтаарал ауданында туып өскен. Көпбалалы отбасынан шыққан ол қазақ пен кәріс ұлтының салт-дәстүрін тең ұстанады. Ұлы ақынның қай шығармасын сұрасаң да мүдірмей айтады. Жолымды ашқан Абайдың оқулары дейді.

Абай Құнанбаевтың өлеңдерін оқысам бір іштей бір рухым көтеріледі. Өзімді мықты сзінем, шабытым ашылып. Сондай жағдай болады. Тимур болған себебім Абай атамыздың өлеңдерімен жарысқа қатысып, соның арқасында мен осындай дәрежеге жетіп отырмын,-дейді  Шымкент қаласындағы №88 жалпы орта мектептің дене шынықтыру пәнінің  мұғалімі Тимур Пак.

Тимур Пактың тілі де, ділі де, қазақтікі.  Мұсылманша хат танып өскен.  Бүгінде  Шымкенттегі мектептердің бірінде ұстаздық етеді. Мемлекеттік тілді жетік меңгерген оған әріптестеріде сүйсіне қарайды.

Тимур Пак осы метепте 5-6 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оны біз кейде корей ұлты екенін де ұмытып кетеміз. Өйткені қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қазақтың өзінен артық біледі,-дейді 88 жалпы орта   мектеп директорының орынбасары Нұрсұлу Байқонысова.

Тимур  қазаққа жиен,  әрі күйеу бала.   Бүгінде келіншегі екеуі 4 перзент тәрбиелеп отыр. Ұл-қыздарына қазақы есім берген.  «Қазақтың нанын жеген адам тілін де білуі тиіс»,- дейді ол.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *