ШЫМКЕНТ: «NOMAD: BLACК & WHITE» ГРАВЮРАЛАР-ENGRAVINGS-ГРАВЮРЫ АТТЫ СУРЕТ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

Шымкентте ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, Mondial ART ACADEMIA Франция академиясының мүшесі Батухан Байменнің «NOMAD: BLACК & WHITE» Гравюралар-Engravings-Гравюры атты сурет көрмесінің ашылу салтанаты өтті. А.С. Пушкин атындағы  қалалық әмбебап кітапханасының галерея залына суретшінің 100-ге жуық графикалық туындылары қойылды. Ұсынылған гравюралардағы виртуозды техника мен композиция шеберлігі таңқалдырады.

Көрменің ашылу салтанатына зиялы қауым өкілдері, ҚР Суретшілер Одағының төрағасы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», суретші Ө.Жұбаниязов,  ҚР «Мемлекеттік сыйлығының лауреаты»,«Құрмет» орденінің иегері, мүсінші, монументалист Н.Рустемов және «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Құрмет» орденінің иегері, суретші Ж.Құттыбек, ҚР Суретшілер одағының Шымкент қалалық филиалының төрағасы А.Ахметов, Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының бас маманы А. Дүйсенова сондай-ақ ұжымдастары мен жалпы әсемдікке, мәдениетке жаны құмар қала тұрғындары қатысты.

Суретшінің терең философиялық шығармаларын өнер сүйер қауымды баурап аларлық туындылары көрермен назарына ұсынылды.

«Суретші бүгінгі әлеуметтік, саяси және экологиялық тақырыптарды түркі мәдениетімен астарлап жеткізген. Метофара іспетті… Кейінгі ұрпаққа бүгінгі күнді сиволикамен жеткізген. Оның туындылары жәй қарамай, терең үңіліп, ойлануды талап етеді»,-дейді Шымкент қаласының тұрғыны Асқар Сәтбаев.

Айта кетейік, Батухан Байменнің мәңгілік құндылықтарға бет бұрған шығармашылығы өзінің жан-жақтылығымен, кең спектрімен ерекшеленеді. Ол өзінің көзқарасымен және жеке шығармашылық қолтаңбасымен көпшілікті тәнті етіп келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *