ТҰРҒЫНДАР ҰСЫНҒАН ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТЫР

Елімізде халықтың мемлекеттік қаржыны басқару мен бақылауға қатысуына бағытталған бастамалар қолға алынған. Соның бірі – «Халық қатысатын бюджет» жобасы.

Шымкентте аталған жоба аясында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.  Үшінші мегаполисте  «Халық қатысатын бюджет» жобасымен аудандарды гүлдендіруге, абаттандыруға, балалардың ойын және спорт алаңшаларын орнатуға, шағын демалыс орындарын құруда көптеген игі істер атқарылды.

Әр аудан тұрғыны өзі тұратын аула немесе көшені дамытатын, қолайлы орта жасақтайтын жобаларын әкімдікке ұсынуға мүмкіндігі бар. Айталық, Абай ауданының тұрғындары биыл 23 жоба ұсынып, мұны жүзеге асыру үшін әкімдік тарапынан 497,5 млн теңге қаражат қарастырылған.

«Халық қатысатын бюджет» жобасы арқылы аудандағы Бозарық, Самал-3, Асар, Достық, Қызылжар, Тұрлан, Нұршуақ, Алтынтөбе елді мекендерінде – 15 балалар ойын алаңшасы салынып, пайдалануға берілген. Ал, Асар, Достық, Қайнарбұлақта – 3 спорт алаңының құрылысы аяқталды.

Сонымен қатар, Қайнарбұлақ, Ақжайық, Самал-3 шағынауданында 5 көшеде ирригациялық арықтың құрылысы жүріп жатыр. Аудан әкімдігі келесі жылға тұрғындардың ұсынысы бойынша тағы 26 жобаны іске асыруды көздеп отыр.

Айта кетейік,  Шымкент қаласында 2023 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 154 жобаға 4 773,5 млн. теңге қарастырылған.  Бүгінде тұрғындар тарапынан көшелерді жарықтандыру, балалар алаңшасын жөндеу, қоқыс урналарын орналастыру  т.б. мәселелер бойынша ұсыныстар келіп түскен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *