ШЫМКЕНТТІК АКБАРАЛИ КАРАБАЕВ САДАҚ АТУДАН КҮМІС МЕДАЛЬ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

Тайланд астанасы Бангкок қаласында садақ атудан Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстандық садақ ату шеберлері жоғары нәтиже көрсетіп, күміс жүлдеге ие болды. Құрама сапында шымкенттік Акбарали Қарабаев та бар.

Садақ ату спортынан Қазақстан ұлттық құрама командасы Азия ойындарында ойдағыдай ойын көрсете алмады.Сол қателіктерді жойып, Париж олимпиадасына лайықты дайындық жасау үшін спорт мамандары осы бағытта жан-жақты жұмыс жасауды бастады.

Шымкент қаласының кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінің шәкірті, Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсеткен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Акбарали Карабаев күміс медальді иеленді. Азия чемпионатынында командалық есепте садақ атудан 50+50 жаттығуы бойынша құрама сапында жетісулық Христич Сергей, Ақмола облысының мергені Тютюн Андреймен бірге күміс жүлдегер атанды.

Туған елге жүлдемен оралған Акбаралиді шымкенттік жанкүйерлер теміржол вокзалында аса құрметпен қарсы алды. Себебі, болашағы жарқын бұл саңлақты білікті басшы Мұрат Бұзауов басқаратын қалалық кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебі жан-жақты дайындады. Садақ атудан Ел құрамасының бапкері, әрі Акбаралидің жеке жаттықтырушысы Григорий Ким соңғы кездері Азия құрлығында садақ ату спорты ерекше қарқынды түрде дамып келе жатқанын айтты.

Сонымен қатар, сары құрлық елдерінің ең мықты спортшылары бас қосқан додада әйелдер арасында тағы бір жерлесіміз Роксана Юнусова да өнер көрсетті.

Енді бұлар Париж олимпиада ойындарының лицензиялық турнирлеріне қатысу үшін дайындықты бастайды.

Айта кетейік, Тайланд астанасы Бангкок қаласында өткен жарысқа әлемнің 27 мемлекетінен 222 спортшы қатысты. Сарықұрлық бәсекесінде ел намысын 16 спортшы қорғады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *