ДЕТЕКТИВ ЖАНРЫНЫҢ ХАС ШЕБЕРІ

Шымкентте жазушы Кемел Тоқавтың 100 жылдығына арналған «Детектив жанрының хас шебері» атты әдеби кеш өтті.  Қалалық Абай атындағы орталық кітапханасының ұйытқы болған іс-шараға  Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы, драматург, Захардин Қыстаубайұлы, жазушы, шежіреші, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Момбек Әбдәкімұлы, сатирик жазушы, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының иегері Сабырбек Олжабай қатысты.

Кеш қонақтары жазушының қазақ әдебиетінде бұрын соңды болмаған детективтік әдебиеттің бастаушысы, әрі негізін салушысы болғанын, құқық қорғау қызметкерлерінің қылмыскерлерге қарсы күрестегі ауыр еңбегін көрсететін шығармалар жазғанын, Халық Қаһарманы, әйгілі партизан, жазушы Қасым Қайсенов туралы кітап жазғанын, оқырмандар өтініші бойынша жазушының кітаптары үш-төрт реттен қайта басылып отырғанын әңгімеледі. Жоғары оқу орындарының студенттері жазушының «Солдат соғысқа кетті», «Соңғы соққы» «Ұясынан безген құс» романдарынан, «Таңбалы алтын», «Сарғабанда болған оқиға», «Түнде атылған оқ» повестерінен үзінділер оқыды.

Жол көлік колледжінің студенттері, М.Әуезов атындағы ОҚУ студенттері Құрманғазының «Балбырауын», Н.Тілендиевтің «Әлқисса» күйлерін орындады. Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің директор орынбасары Садық Гүлжан Байсерікқызы кеш қонақтары мен іс-шараға белсене қатысқан оқырмандарға алғыс білдірді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *