ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың 13-17 қараша күндері аралығында Ішкі істер органдарымен бірлескен «ЖАТАҚХАНА» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Рейд барысында құтқарушылар-өрттің алдын алу, өрт жағдайын бағалау, азаматтарға өрт кезінде өздерін және мүліктерін қалай қауіпсіз сақтау керектігін ескертеді, ал полиция қызметкерлері — көші-қон заңнамасы мен қоғамдық тәртіптің сақталуын тексереді.
Қазіргі таңда аудан әкімдіктерінің берген ресми мәліметіне сәйкес, қала аумағында 29 жатақхана орналасқан. Аталған жатақханаларда ЖАО, ГТИ, КазТрансГаз АҚ өкілдерін және волонтерді жұмылдыра отырып бірлескен іс-шара өткізілуде. Адамдар көп жиналатын орындарға әрқашан өрт қауіпсіздігі бойынша ерекше талаптар қойылады. Мұндай ғимараттарға жатақханалар да жатады. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірқатар сақтық шараларын сақтау қажет. Сонымен қатар, жатақхананың әрбір тұрғыны өрт туындаған жағдайда қалай әрекет ету керектігін білуі тиіс. Адамдарды хабардар ету болашақта қайғылы жағдайлардың алдын алуы мүмкін. Осыған орай, қала аумағындағы жатақханаларды толығымен аралап, жатақхана тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша нұсқамалар өткізіп, анықталған өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу жағдайлары бойынша тиісті мекемелерге ұсыныс жолданатын болады.
Іс-шараның басты мақсаты, жатақханалардың тұрғындарын өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға дәріптей отырып, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру болып табылады.