ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАСЫ – ТЕҢГЕ ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҮЗДІК ВАЛЮТА ДЕП ТАНЫЛҒАН

Қазақстанның монеталары мен банкноталары халықаралық нумизматикалық конкурстарда әрдайым жоғары баға алады. Мұндай байқауларға бай тарихы бар, нумизматика мен монета соғу саласында жоғары мәртебеге ие монета сарайларының өкілдері қатысады.

Теңгенің түрлі купюрасы үздік дизайн мен жоғары сапасы үшін түрлі марапатқа ие болды. Мысалы, ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай шығарылған 10 000 теңгелік купюра 2011 жылдың ең үздік жаңа банкнотасы атанды. 5 000 теңгелік купюра 2012 жылдың ең үздік жаңа банкнотасы деп танылды. Ал, түркі жазуына арналған 1 000 теңгелік купюра 2013 жылы үздік дизайны үшін марапатқа ие болды. Сонымен қатар, номиналы 20 000 теңге болатын банкнота 2015 жылдың үздік өңірлік банкнотасы деп танылған.

Қазақстан Теңге сарайы 1992 жылы құрылды. Онда түрлі материалдардан, соның ішінде түсті металдардан, алтын мен күмістен ұлттық валюта монеталары шығарылады. Сондай-ақ өзге елдердің мемлекеттік наградалары мен медальдарын тапсырыспен әзірлейді. Қазақстан монета сарайы Англияның Корольдік монета сарайы сияқты танымал монета сарайларын біріктіретін Монета сарайлары қауымдастығының мүшесі.

Қазақстан – ғарыш өнеркәсібінде пайдаланылатын бағалы металл танталдан монета шығарған жалғыз ел. Құрамында тантал бар ғарыш тақырыбындағы монеталар сериясы көптеген халықаралық марапатқа ие болған.

Айта кетейік, Қазақстан – ғарыш өнеркәсібінде пайдаланылатын бағалы металл танталдан монета шығарған жалғыз ел. Құрамында тантал бар ғарыш тақырыбындағы монеталар сериясы көптеген халықаралық марапатқа ие болған.

Қазақстан Ұлттық Банкі инвестициялық және коллекциялық монеталар шығарады. Инвестициялық монеталар — күміс және алтын сияқты бағалы металдардан әзірленеді және аса құнды. Ал, коллекциялық монеталар шектеулі тиражбен шығады. Олар жинауға арналған және нумизматтарды қызықтырады.

Бұл монеталар тек төлем құралы ғана емес, сонымен қатар мәдени-ағартушылық және инвестициялық маңызға ие. Олар тарихи оқиғаларды, мәдени ескерткіштерді және әртүрлі салалардағы жетістіктерді еске салады. Қазір Қазақстан монеталары әлемдік каталогтан ойып тұрып орын алып, нумизматикалық құндылыққа ие болып отыр

Қазақстан Ұлттық Банкі инвестициялық және коллекциялық монеталар шығарады. Инвестициялық монеталар — күміс және алтын сияқты бағалы металдардан әзірленеді және аса құнды. Ал, коллекциялық монеталар шектеулі тиражбен шығады. Олар жинауға арналған және нумизматтарды қызықтырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *