Шымкентте Ұлттық ұлан әскери қызметшілері ер адамның өмірін сақтап қалды.
Оқиға кеше түнде көшеде болды. ҚР Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің 1 жедел мақсаттағы батальонының әскери қызметшілері қоғамдық тәртіпті сақтау қызметін атқару барысында «Республика» көшесімен жүріп келе, жерде жатқан адамды байқады. Қатардағы жауынгер Дильшат Абубакриев бастаған әскери жасақ дереу 103-ке қоңырау шалып, содан кейін дәрігерлерді күтпестен алғашқы медициналық көмек көрсетуге кірісті. 10 минуттан кейін жедел жәрдем көлігі одан әрі тексеру үшін оқиға орнына келді. Келген дәрігерлер жәбірленушіні ауруханаға жеткізді. Белгілі болғандай, ер адам жүрек жеткіліксіздігімен есепте тұрған.
Әскери қызметшілердің қырағылығы мен шұғыл әрекеттерінің арқасында ер адам өмірін сақтап қалды.
Айта кету керек, Ұлттық ұлан сарбаздары азаматтарға төтенше жағдайда әрдайым көмекке келеді, өйткені адам өмірі олар үшін басымдық болып табылады.