НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!

Құрметті тұрғындар! 20.11. — 21.11.2023 жылғы кезеңде өндірістік қажеттілікке байланысты және инвестициялық бағдарлама аясында газ құбырының қуаттылығын арттыру мақсатында атқарылған жұмыстар жоспарға сай толық аяқталғанын хабарлаймыз.

Қазіргі таңда сыртқы газ желілерін үрлеп-толтыру жұмыстары атқарылуда. Тұрғын үйлер мен пәтерлерді табиғи газбен жабдықтау соңғы 3 сағат көлемінде жүзеге асырылады.

Сіздерден газ крандарын жауып, мамандарға қондырғыларға қол жетімділігін қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз! Газбен жабдықтауды уақытша тоқтата тұру жоспарланғанын (сызбаға сәйкес) мәлімдейміз.

Жоғарыда аталған аудандардың тұрғындарынан олардың алдындағы барлық газ аспаптары мен крандардың ажыратылуын қадағалауды, сондай-ақ газды қайта іске қосу кезінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ШПФ қызметкерлері үшін қолжетімділікті қамтамасыз етуді сұраймыз. Газдың иісі анықталған жағдайда 104 телефонына хабарласуыңызды сұраймыз.

Қолайсыздық үшін алдын ала кешірім сұраймыз.

ГАЗ иісі шыққан жағдайда 104 ке хабарласыңыздар!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *