ТҮРКІСТАНДА ЕРКІН КҮРЕСТЕН САБЫР РАХЫМОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР БАСТАЛДЫ

Түркістан қаласындағы «Олимпик центр» спорт кешенінде Кеңес Одағының батыры, генерал-майор Сабыр Рахымовты еске алуға арналған халықаралық турнир басталды. Биыл 27-рет өтіп жатқан дүбірлі додада 2004-2006 жылы туған еркін күрес шеберлері бақ сынауда. Халықаралық бәсекеде 18 салмақ дәрежесі бойынша 454 спортшы сынға түсіп, үздіктер анықтамақ.
1996 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан дәстүрлі турнирге биылғы жылы Қырғызстан Республикасы мен еліміздің 23 өңірінің боз кілем шеберлері қатысып жатыр. Жас спортшылардың өнерін тамашалауға келген спорт жанашырлары жарыстың жоғары деңгейде өтіп жатқанын айтып, жеткіншектерге қолдау білдіруде.
Айта кетейік, дәстүрлі турнирде бүгінгі күнге дейін 140-қа жуық ел спортшылары өз салмақ дәрежесінде жарыс жеңімпазы атанып, «Қазақстан Республикасының спорт шебері» нормативін орындаған. Олардың қатарында бүгінде елміздің намысын әлімдік деңгейдегі жарыстарда қорғап жүрген халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлері Ақжүрек Таңатаров, Ихтияр Наврузов, еркін күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, Әлем чемпионаттарының жүлдегерлері Дәурен Жұмағазиев, Ермұхаммед Іңкәр және Дильшад Мансуров бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *