Шымкент пен Ресей арасындағы экономикалық байланыстар жылдан жылға артып келеді. Ресейлік инвесторлардың қатысуымен еліміздің үшінші мегаполисін дамытуда маңызды рөл атқаратын ірі инвестициялық жобалар іске асырылуда. Осы инвестициялардың арқасында Шымкентте жаңа өндірістер пайда болуда. Яғни, қалада жаңа жұмыс орындары да ашылады деген сөз. Мұның өзі қала тұрғындарының әл-ауқатының да артуына ықпал етері сөзсіз.
Ірі жобалар ынтымақтастықтың артуына септігін тигізбек.
Биыл Қазақстан мен Ресей халықтары арасындағы тату көршілік және одақтастық туралы шартқа қол қойылғанына 10 жыл толды. Әрине, екі елдің достығының мұнан әлдеқайда ұзақ тарихы бар және бұл достық ғасырлар бойы жалғасып келеді. Соған қарамастан 2013 жылы жасалған мемлекетаралық шарт өте символдық мәнге ие. Өйткені ол Қазақстан-Ресей қатынастарының болашаққа деген ұмтылысын көрсетеді. Бұл –тарихы бай әрі болашағы жарқын тату көршілік пен одақтастыққа негізделген шарт. Бүгінгі таңда қолға алынған екі жаққа да тиімді бірлескен жобалар ынтымақтастықтың әрқашан прогрессивті екенін тағы да дәлелдеп отыр.
Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту мақсатында жоғары деңгейде тұрақты кездесулер мен келіссөздер жүргізіледі. Ресми деректер бойынша, Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы өткен жылы $26,1 млрд-қа жетті. Қазақстаннан Ресейге экспорт 25% — ға өсіп, $8,8 млрд құрады.
Сонымен қатар, өңірлерде де ірі жобалар іске асырылуда. Мысалы, инвестициялық құны 6,2 млрд теңге болатын қуаты 20 МВт күн электр станциясын салу жобасын 2020 жылы ресейлік «Hevel Kazakhstan» ЖШС компаниясы іске асырды. Онда 15 адам жұмысқа орналасты.
Естеріңізге сала кетейік, күн электр станциясы Қотырбұлақ елді мекенінің жанында орналасқан. Осы мақсатта аймақ әкімдігі 200 га жер телімін бөлді. Күн электр станциясының құрылысы туралы меморандумға 2018 жылдың желтоқсанында Мәскеуде қол қойылған.
Hevel компаниялар тобы 2009 жылы құрылған және Ресейдегі күн энергетикасы саласындағы ең ірі компания болып табылады. Холдинг күн модульдерінің жоғары технологиялық өндірісін, электр станцияларын салу мен пайдалануды жолға қойған. Топтың жеке зауыты жылына 160 МВт күн модульдерін шығарады, олардың тиімділігі 22%-дан жоғары.
Тағы бір ірі жобаны ресейлік «Бона Файд Групп» ЖШС-і әйелдер фитнес киімдерін өндіруді бастады. Инвестиция көлемі 60 млн теңгені құрайды, жылына 252 мың дана спорттық киім шығару жоспарлануда. Өндіріс осы жылдың өзінде іске қосылады деп күтілуде. 2022 жылғы 28 желтоқсанда «Бона Файд Групп» ЖШС арнайы экономикалық аймақтарға қатысушылардың бірыңғай тізіліміне «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағына қатысушы ретінде енгізілді.
2024 жылы инвестициялық құны 3,2 млрд теңгені құрайтын жобалық қуаты жылына 6 мың тонна өнім болатын тоқыма емес материалдар өндіру жобасы іске асырылатын болады. Бұл жоба ресейлік «Marvik Partners» ЖШС компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылады. Жергілікті нарықты отандық өніммен қамтитын бұл кәсіпорында 200 жұмыс орны ұйымдастырылады. Бұл кәсіпорын «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасады.
Ресейлік компаниялар тұрғын үй құрылысына да үлес қосады.
Шымкентте бүгінде құрылыс нысандары белсенді түрде салынуда. Бұл құрылысқа «Шымкентский ДСК» ЖШС-і ресейлік компаниясы да өз үлесін қосады. 2027 жылға дейін есептелген жобаға сәйкес, аталған компания инвестициялық құны 23 млрд теңгені құрайтын 3 320 пәтерлік көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын жүзеге асыратын болады. Салынатын үйлердің жалпы ауданы 120 900 шаршы метр. Мұнда 400 адам жұмысқа орналасады. Жобаның I кезеңін іске асыру мерзімі — 2025 жыл, ал, IІ кезең 2027 жыл салынып бітеді деп жоспарланған.
Алайда, мұндай ауқымды нысанды салу сапалы құрылыс материалдары мен өнімдерін көптеп қажет ететінін де ұмытпаған жөн. Сондықтан жобалық қуаты жылына 300 мың шаршы метр темірбетон бұйымдары мен конструкциялар шығаратын зауыт салу көзделген. Жобаның инвестициялық құны 7 млрд теңге, 300 адам жұмысқа орналасады. Іске асыру мерзімі — 2024 жыл. Жобаға ресейлік «ДСК 17» ЖШС компаниясы қатысады. Мамандардың айтуынша, темір жолға арналған бетонға жоғары талаптар қойылады – материалдарды өлшеу кезінде қателік болмауы керек. Сондай-ақ, мұндай темірбетон материалдарды дәлірек дозалауды қажет етеді. Сондықтан мұндай зауыттар ылғалдылықты бақылау жүйесі, инертті материалдар мен судың дәл дозалау жүйесі сияқты бірқатар қосымша бөліктермен жабдықталған. Белгілі бір құрылыс материалын өндіру кезінде технологиялық процеске, зауыттардың техникалық жабдықталуына қойылатын барлық талаптарды, сондай-ақ өндірушінің ұсыныстарын сақтау маңызды. Сонда ғана конструкциялар сенімді және берік болады. Айта кетейік, аталған төрт жобаға салынған инвестициялардың жалпы сомасы 33,2 млрд теңгені құрайды.
Сауда айналымы артып келеді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Шымкент қаласының Ресейдің әртүрлі өңірлерімен өзара саудасы 558,1 млн АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт – 101,9 млн АҚШ доллары. Салыстыру үшін 2021 жылы бұл сома 49,9 миллион АҚШ долларын құрағанын айтуға болады. Импорт 456,1 миллион АҚШ долларын құрады, ал 2021 жылы 514,8 миллион АҚШ долларын құраған еді. Яғни, мұнда отандық (бұл жағдайда – Шымкент) экономиканың импортқа тәуелділігінің төмендеуі айқын байқалады.
Экспорт ретінде Шымкент қаласының өндірушілері Ресейге 13,6 миллион долларлық тоқыма бұйымдарын, 8 млн доллардың алкогольді және алкогольсіз сусындарды жөнелткен. Оған қоса жерүсті көлік құралдары, ұшу аппараттары, жүзу құралдары, көлік құралдары мен оның жабдықтары – 7,7 млн долларға, ағаштан немесе басқа талшықты целлюлоза материалдарынан жасалған бұйымдар – 5,6 млн долларға, мақта талшығы – 4,8 млн. долларға, сондай-ақ керамикалық плиталар мен плиткалар — 3,4 млн. долларға, қара металдардың қалдықтары мен сынықтары – 1 млн. долларға, пластмассалар мен олардан жасалған бұйымдар — 1 млн., мұнай және мұнай өнімдері – 852,5 мың. долларға, ферроқорытпа — 615 мың долларға, мыс қалдықтары мен сынықтары — 343,3 мың долларға, жануарлардан немесе өсімдіктерден алынған майлар мен дайын тамақ майлары — 320,3 млн. долларға және қара металдардан жасалған бұйымдар — 200,1 млн долларға экспортталған.
Сонымен қатар, Ресейден импортталған өнімдердің арасында ағаштан немесе басқа талшықты целлюлоза материалдарынан жасалған қағаз немесе картон сияқты тауарлар, темір, қорытпа және тот баспайтын болаттан жасалған шыбықтар, ұшу аппараттары, жүзу құралдары мен көлік құралдары, дәнді дақылдардан, ұннан, крахмалдан немесе сүттен жасалған дайын өнімдер, кондитерлік өнімдер, пластмасса бұйымдары, қара металдардан жасалған бұйымдар бар. Бұл тізімге бейорганикалық химия өнімдерін, қантты, минералды және химиялық тыңайтқыштарды, бояулар, лактар мен ерітінділерді, гипс өнімдерін және тағы басқа өнімдерді.
Қазақстан мен Ресейдің өзара тиімді ынтымақтастығы болашақта көптеген түрлі жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Шымкентке құйылатын инвестициялар ағыны қаланың инфрақұрылымын дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және нарықты отандық өніммен қамтуға ғана емес, сонымен қатар еліміздің үшінші мегаполисінде бизнес пен кәсіпкерлік үшін барлық жағдай жасауға да мүмкіндік береді.