«ҚАЖЫНЫҢ РУХАНИ КЕЛБЕТІ» ТҰҒЫРНАМАЛЫҚ ҚҰЖАТЫНЫҢ МАҚСАТЫ – ҚАЖЫЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық коммуникациялық орталығында өткен баспасөз конференциясында ҚМДБ-нан арнайы келген спикерлер «Қажының рухани келбеті» тұғырнамалық құжаты туралы да айтып өтті.
Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының «Қажының рухани келбеті» құжатын дайындаудағы басты мақсаты – азаматтардың қажылық мәдениетін қалыптастыру болып табылады. «Қажының рухани келбеті» тұғырнамасы үш тараудан тұрады. Онда қажылыққа рухани дайындық, қажылық мәдениетін сақтау, қажының рухани келбеті қандай болуы керек екендігі туралы кеңінен айтылады.
«Жалпы қажылық парызын өтеуге ниеттенген адам неге дайын болу керек, не істеу керек, нені білу керек, қалай рухани және техникалық тұрғыдан дайын болу керек барлығы осы құжаттамада қамтылған. Бес парыздың бірі болған қажылық құлшылығын өтеп келген отандастарымызды қоғамда көркем мінезімен, өнегелі істерімен үлгі көрсетуге және қажы деген құрметке лайықты болу керек. Сол тұрғыдан алып қарағанда «Қажының рухани келбеті» тұғырнамалық құжатын ел арасында, жамағат ішінде кеңінен насихаттау керек», деді ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жандилла Мамытханұлы Бекжігітов.
Баспасөз конференциясының толық нұсқасын https://www.youtube.com/@AKO17/streams сілтемесіне өту арқылы көре аласыздар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *