“ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН” ГАЗЕТІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ

Сауран ауданының құрылғанына үш жыл және облыстық “Оңтүстік Қазақстан”қоғамдық-саяси газетінің 100 жылдығына орай «Бақытым сенсің, Түркістан!» атты жазба ақындар мүшәйрасы өтті. Жыр додасына 50-ден астам үміткер қатысты,-деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 
Мүшәйраға мектеп оқушылары да балауса жырларын ұсынды. Негізгі кезеңге 50 ақын қатысып, олардың ішінен 9-ы ақтық кезеңге өткен. Қазылар алқасының шешімімен саурандық шайыр Ердәулет Бұхарбай бас жүлдеге ие болды. Оған 500 мың теңге ақшалай сыйақы табысталды. Ал І орынды түркістандық Дәурен Тілеухан иеленсе, ІІ орын Нұрғиса Төремұратқа бұйырды. Ал қос ІІІ орынды Роза Сұлтанәлиева мен Арқалық Әмалият иемденді.
Сонымен қатар өзге де қатысушылар арнайы номинацияларға ие болды. Атап айтқанда, Сауран ауданы әкімінің арнайы жүлдесін — Жанәділ Сейданов, жазушы, журналист Нұрмахан Оразбеков атындағы номинацияны — Азамат Әлібек иеленді. Ал ақын Өмірбай Сәуірбаев атындағы номинация — Лаура Тастанбекке бұйырса, қара өлеңнің қабыланы Қаныбек Сарыбаев атындағы номинацияға — Дәурен Айманбет лайық деп танылды. Барша қатысушыларға қаржылай сыйақы табыс етілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *