«ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ӨРКЕНДЕУ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ БАРША ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНА ҮНДЕУ-МАНИФЕСТ ЖОЛДАДЫ

Бүгін» Әділдік және өркендеу » қоғамдық қоры барша ел азаматтарына Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру  қағидаттары ұсынылған Үндеу-Манифест жолдады. Үндеу-Манифест бұл — қоғамдық қордың негізгі құжаттарының бірі болып табылады.

Бұл құжат еліміздің әр аймағында бастамашыл, белсенді азаматтардың бірнеше ай талқылауында болған. Сондай-ақ қор үшін маңызды құжатты қарау барысында келіп түскен ұсыныстар мен өтініштер назардан тыс қалмай, қорытынды құжат енгізілді.

«Әділдік және өркендеу» қорының негізі мақсаты- адам құқықтарын қорғау. Әлеуметтік әділдік, заң алдындағы
теңдік.  Барлық азаматқа тең мүмкіндік, әр азаматтың қадір-қасиетін құрметтеу және қорғау. Азаматтардың шешім қабылдауға ықпалы сынды нақты қағидалар енгізілген.

Біз — осы ұлттық мүдделерді және адами қатынасты қолдайтын азаматтарды біздің қозғалысымызға қосылуға шақырамыз. Біз қуатты әрі әділетті Қазақстан үшін бірге қызмет етуге, қолдауға және Манифестке қол қоюға үндейміз!!!

Бізді қуатты әрі әділетті қоғам құру деген ортақ мақсат қана біріктіреді. Сондықтан баршаңызды Жаңа, Әділетті Қазақстанды  құруға үлес қосуға шақырамыз!!!

Бауыржан Ибрагимов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *