Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 35 жыл толуына орай Шымкент қаласындағы «Ауған жауынгерлері» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Бұл туралы Bozyq.kz хабарлайды.
Іс-шараға жергілікті әскери басқару органдарының басшылығы, Қарулы Күштер мен Ұлттық ұлан ардагерлері, Ауған соғысының ардагерлері мен соғыста опат болған жауынгерлердің ата-аналары, әскерилер, жас сарбаздықтар, қала тұрғындары қатысты.
Жиналғандар ескерткіш алдына гүл шоқтарын қойды. Ерлікпен опат болған жауынгерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алып, рухына құран бағыштады.
Айта кетейік, Ауған соғысы – он жылға созылды. КСРО елдерімен қатар Қазақстаннан 22 мың адам қатысты. Олардың 761-і қаза тапса, 21-і хабарсыз кеткен.