МӘМС ӨЗ МІНДЕТІН ҚАЛАЙ ОРЫНДАП ОТЫР?

Шымкенттегі медициналық ұйымдарда дәрігерлердің МӘМС аясында сапалы қызмет көрсетулері үшін барлық жағдай жасалған. МӘМС жүйесі енгізілгелі денсаулық сақтау саласы тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі және қосымша МӘМС пакеті есебінен қаржыландырылуда.

2020 жылға дейін сала тек бір көзден қаржыландырылып келген. Нәтижесінде жоғары сапалы медициналық көмек деңгейі артып, дәрігерлер мен орта буын медициналық қызметкерлерінің жалақысы едәуір өсті.

МӘМС жүйесіндегі талап та айқын. Халықты сапалы және қолжетімді жоғары сапалы медициналық көмекпен қамту. Бүгін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының бөлім басшысы Ахмет Беден №2 қалалық аурухана дәрігерлерімен кездесіп, МӘМС жүйесі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

-Біз үшін әр азаматтың МӘМС аясында өзіне тиесілі медициналық көмегін алуы өте маңызды. Бұл орайда дәрігерлердің еңбек үлесі орасан. Мақсат – ортақ. Халыққа жоғары деңгейде қызмет көрсетіп, сапалы медициналық қызметке қолжетімділін арттыру,-деді сақтандыру қоры филиалының бөлім басшысы Ахмет Беден.

Жиын барысында тараптар сұрақ-жауапқа көшіп, дәрігерлер қызмет барысында өздерін толғандырған өзекті сауалдарына жауап ала алды.

Жалпы, сақтандырылған адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру ұсынатын медициналық көмектің кеңейтілген спектріне ие болады. Атап айтқанда, профилактикалық медициналық тексерулер; учаскелік дәрігердің нұсқауы бойынша арнайы маманданған дәрігердің қабылдауы және кеңес беруі; созылмалы дертке шалдыққан жандардың бейінді мамандардың бақылауында болуы; уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсету;халықтың белгілі бір категориясына шұғыл және жоспарлы түрде стоматологиялық көмек көрсету; диагностикалық қызметтер, оның ішінде лабораториялық диагностика (УЗИ, рентген, КТ, МРТ); мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы, стационарлық медициналық көмек; медициналық оңалту; стационарда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *