Оқушылар сарайында қарымды, сөзі алымды журналистер Асхан Майлыбаева, Фатима Жүнісова және Бейсенкүл Нарымбетова ханымдармен сырласу сағаты өтті.
Кездесуде кеш қонақтарының жүректен шыққан жырлары оқылып, оқушылар көкейдегі сұрақтарына жауап алды.
Журналистік қызметтегі жүріп өткен жолдарын баяндаған қаламгерлер оқушыларға ақыл-кеңестерімен бөлісті.
Кеште жетіген, домбыра үйірмелерінің оқушылары да өнер көрсетіп, ақын-сазгер Арайлым Саттарова қонақ болып ән шырқады.
Сырласу кешінің қызықты өткені соншалық, оқушылар қонақтармен қимастықпен қоштасты.