Сарыағашта заманауи үлгідегі технология арқылы құлпынай өсірілуде, деп хабарлайды Bozyq.kz.
Сарыағаш ауданы Тегісшіл ауылдық округі, Мәдениет елді мекенінде жаңа технологиямен құлпынай өсіріліп жатыр. Жеке кәсіпкер жылыжай шаруашылығын дамытуға заманауи технологияны енгізіп, құлпынай өндірісін қолға алған. Жылыжайдың ерекшелігі – құлпынай күн сәулесі және арнайы тігілген көрпешелер арқылы өсіріледі.
Жобаның инвестициялық құны 300 млн теңгені құрайды. Мұнда 15 адам тұрақты, 40 адам маусымдық жұмыспен қамтылған. Қожалық иесі 3 жыл ішінде кемі 50 тонна өнім алуды жоспарлап отыр.
Жеке кәсіпкердің кәсібімен танысқан Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Тегісшіл ауылдық округі жаңа жұмыс орындарымен толығып келе жатқаны игі іс екенін атап өтті.
Сарыағашта құлпынай өсірушілер қатары жыл сайын артып келеді. Алғашында қызанақ, қияр егуден бастаған шаруа қожалықтар бүгінде істің қыр-сырын терең меңгеріп, құлпынайды егуді қолға алуда. 2023 жылы Түркістан облысындағы 250-ден астам шаруақожалық орташа есеппен 1 мың тонна құлпынай өнімін алды. Дегенмен Қазақстан әлі де, Қырғыстан мен Өзбекстаннан келетін имортқа тәуелді. Отандық нарықты өз өнімімізбен қамтамасыз ету үшін аянып қалмаймыз,-дейді кәсіпкер.
Айта кетейік, Сарыағашта құлпынайдың келісі орташа есеппен 800 теңгеден сатылуда. Байқап көрдік. Пайдасы көл -көсір.