ҚАЗАҚЫ ҚАРА ӨЛЕҢНІҢ ҚҰЛАГЕРІ

№2 Оқушылар сарайы МКҚК  гуманитарлық бағыт бойынша  лирик ақын, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмасада өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 93 жас мерей тойына арналған «Қазақы қара өлеңнің құлагер» атты ақын өлең,жырларынан әдеби кеш ұйымдастырылды.

Әдеби кештің негізгі мақсаты: М.Мақатаевтың өмірімен  шығармашылығын таныту,ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, поэзияға деген қызығушылықтарын арттыра отырып, өлеңге деген ынтасы мен мәнерлеп оқу шеберліктерін арттыру болатын. Іс шараны   шешендік өнер үйірмесінің оқушылары Сүйебек Жауһаз, Қалдарбек Асылхан жүргізді. Іс-шараға шешендік өнер, поэзия, кітап оқуға баулу, дебат, қазақ тілін үйрену үйірмелерінің оқушылары қатысты. Іс шарада ақынның  таңдамалы кітаптарындағы  Туған жер, Отан, қыз-келіншектерге арналған бірнеше  өлеңдері оқылды. Ақынға арнап поэзия үйірмесінің оқушысы  Ермахан Шұғыла   өзінің жүрек жарды арнауын оқыды. Сонымен қатар эстрада жұлдыздар орындайтын  «Саржайлау», «Нұр жауып тұрған көктемде», «Отыздан асып барамын», «Сен көріктісің»,»Бақыт деген»  ақынның әндері де орындалды. Әдеби кешті тамашалаған  ұстаздарда, ата-аналарда, оқушылардың да көңіл-күйлері өте жоғары болды.

Дайындаған:

№2 Оқушылар сарайы МКҚК шешендік өнер үйірме жетекшісі Байтуова Гүлмира Ганиевна

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *