«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қоры Қазақстан азаматтарының еңбек құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңгерлік қолдау мен кеңес беретін «Әділеттілік құқығы» атты интернет-қабылдауын ашып жатыр.
Жобаның бас сарапшысы – еңбек құқығы бойынша белгілі тәуелсіз құқық қорғаушы, Астана қаласының Заң консультанттары палатасының заңгері Аржан Сәдуақас. Ол Қоғамдық қордың YouTube арнасында тұрақты түрде онлайн қабылдаулар мен тікелей трансляциялар өткізетін болады.
Мұнымен қоса, өз сұрақтарыңызды жіберіп, заңгерлік кеңестер алуға, еңбек құқығы тақырыбы бойынша өз бастамаларыңызды ұсынуға болатын электронды пошта ашылды.
Интернет-қабылдаудағы алғашқы кездесу алдағы бейсенбі, 22 ақпанда өтеді.
Уақыты: Астана уақытымен 16:30.
Тақырыбы: үстеме жұмыс және жұмыстан шығару кезіндегі даулар.
Электронды пошта: adildik.org.kz@gmail.com
Трансляция Қоғамдық қордың YouTube-арнасында жүргізіледі — https://youtube.com/@adildik_orkendeu?si=UVfYzXiELQleLICV
Өзіңізді толғандыратын сұрақтарды жазба астындағы пікірге қалдыра аласыз. Тікелей эфирге қосылып, жауабын күтіңіз.