ШЫМКЕНТ: 15 МИНУТ САЙЫН БІР СӘБИ ДҮНИЕ ЕСІГІН АШАДЫ

Бүгін еліміз Наурызнаманың «Шаңырақ» күнін атап өтуде. Мереке қарсаңында қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қалалық перинаталдық орталықта болды. Жаңа туған нәрестелердің ата-аналарына «Наурыз базарлық» естелік кәдесыйларын табыстады.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нұрлыбек Әбибұллаұлы қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлына Шымкенттегі перзентханалардың жағдайы, ана мен балаға көрсетілетітін көмектер жайлы баяндады.

Бүгінде Шымкент қаласындағы төрт перзентханада 15 минут сайын бір сәби дүние есігін ашады.
Үшінші мегаполисте жыл басынан бері 4911 сәби туылса, оның 2493-і — ұл, 2418-і — қыз баласы. Өткен жылы 31 377 бала туылған. Қала тұрғындарының 39,4 пайызын ер балалар құрайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *