МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІН ТАБЫСТАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина Гафароваға пәтер кілттерін табыс етті, деп хабарлайшы Шымкент қаласының әкімінің баспасөз қызметі. 

Жаңа жыл қарсаңында «Тілектер шыршасы» дәстүрлі акциясында София Уркумбаева Президенттің атына хат жазған болатын. Жалдамалы пәтерде әкесімен бірге тұратын кішкентай қыздың тілегі орындалып, үш бөлмелі пәтерге ие болды.

Сонымен қатар, Ғабит Әбдімәжитұлы төрт бөлмелі пәтердің кілтін Марина Гафароваға табыстады.

Кілт тапсыру рәсімінде Софияның әкесі Рүстенбек Үркімбаев пен Марина Гафарова Мемлекет басшысына ерекше алғысын білдірді. София да өзінің қуанышын жасырмай, өлең оқып, оны ел Президентіне жолдады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 16 желтоқсанына қараған түні тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққан еді. Қызыл жалынды байқаған әйел отқа оранған үйдің терезесін сындырып кәмелетке толмаған балаларды сыртқа шығарған болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *