ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы қарсаңында Алматы қаласында найза лақтырудан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті,-деп хабарлайды Bozyq.kz.
Тартысты додада өнер көрсеткен шардаралық спортшылар 4 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды. Атап айтар болсақ, І орынды — Маман Нұрдәулет, Елбосын Жігер, Манасбай Әйгерім, Есіркеп Ұлболсын алса, ІІ орынға — Құлатай Шадияр мен Жаманбай Азамат тұрақтады. Ал ІІІ орын Керімбек Рысдәулетке бұйырды. Сонымен қатар, алдағы уақытта өтетін Азия чемпионатына Маман Нұрдәулет пен Манасбай Әйгерім жолдама алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *