ШЫМКЕНТ: 73 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Шымкентте тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Құрылыс басқармасы тарапынан биыл 239,0 мың шаршы метрді құрайтын 2 950 пәтерлі 73 көпқабатты үйдің құрылысын жүргізу жоспарлануда. Жыл соңына дейін Тұран шағынауданында 2 үй, Бозарық елдімекенінде 38 үй, Ақжайық шағынауданында 33 үй салынады.

Тұрандағы үйлер мен Бозарықтағы 2 үйдегі арендалық пәтерлер ретінде, ал Бозарықтағы 36 үй мен Ақжайықтағы 33 үй кредиттік пәтерлер ретінде бірқатар санаттар бойынша кезекте тұрған азаматтарға беріледі.

Биыл 73 тұрғын үйдің 66–сы ел игілігіне беріледі.  Ал, Ақжайық шағынауданындағы 7 тұрғын үйдің құрылысы 2025 жылға өтпелі.

Сонымен қатар жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған 1264 пәтер сатып алуға бюджеттен 22,7 млрд. теңге қарастырылған. Оның ішінде жұмыс істейтін жастарға 900 пәтерді және халықтың әлеуметтік осал топтарына 364 пәтерді нарықтан сатып алу жоспарланып отыр,-деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *