Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында медициналық көмек алудың мүмкіндіктері орасан. Қарапайым дәрігерлік тексеруден бастап мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы және стационарлық емдік шараларды қабылдауға болады. Пациент медициналық ұйымды өзі таңдауға құқылы.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Шымкент қалалық филиалының өкілдері бүгін «Автогаз Трэйд» ЖШС мен «Транстелеком» АҚ-на барып, қызметкерлеріне МӘМС туралы осы және өзге де маңызды ақпараттарды түсіндірді. Жиында атап көрсетілгеніндей, сақтандырылған адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру ұсынатын медициналық көмектің кеңейтілген спектріне ие болады.
Аталған кәсіпорындарда 200-ден астам адамнан жұмыс істейді. Өз тараптарынан ай сайынғы жарнаның көмегімен МӘМС шеңберінде қажетті медициналық көмек алып жүргендерін де жеткізді.
Жалпы, Шымкент қаласы бойынша халық саны 1 миллион 229 мың адамды құрайды. Тұрғындардың 80 пайызы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылған. 214 мың адам сақтандырылмаған. Мемлекет 15 жеңілдік санатына кіретін азаматтар үшін МӘМС жарналарын төлеуді жалғастыруда. Шымкент қаласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарна төлеуден босатылған тұрғындар саны 720 735. Жалпы, халық санының 58,7 пайызын құрайды.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударған болатын. Біз қойылған міндеттерді іске асыру үшін барлық күш-жігерімізді, тәжірибеміз бен біліктілігімізді саламыз,-дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Шымкент қалалық филиалының өкілдері.