ШЫМКЕНТТЕ ТӘЖІК-АУҒАН ШЕКАРАСЫНДА ҚАЗАТАПҚАН САРБАЗДАРДЫ ЕСКЕ АЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласының Абай саябағында1995 жылы 7 сәуірде Тәжік-Ауған шекарасындаерлікпен қаза тапқан құқық қорғау әскерініңәскери қызметшілеріне арналған еске алумитингі өтті.

Жыл сайын осы күні Ұлттық ұланның барлықбөлімдерінде қаза тапқан батырлардыңқұрметіне орнатылған обелисктердің жанындааза тұту митингілері өтіп, гүл шоқтарықойылады. Шайқас алаңында қаза тапқанжауынгерлерге Ішкі әскерлердің ардагерлері, интернационалист-жауынгерлер және ҚР Ұлттықұланы 6506 әскери бөлімінің жеке құрамықұрмет көрсетуге келді.

Дәстүр бойынша митинг бір минут үнсіздіктенжәне Қазақстан Республикасының МемлекеттікӘнұранын орындау сәтінен басталды. Осыданкейін іс-шараға қатысушылар еске алумонументіне гүл шоқтарын қоюға кірісті.

«Біз, құқықтық тәртіп әскерлерініңжауынгерлері үшін есте қаларлық күн: 1995 жылғы 7 сәуір. Бұл күні Пшихавршатқалындағы Калай-Хумб қаласыныңауданында орналасқан Шымкент қаласынан5485 (Қазіргі Ұлттық ұланның 6506) әскерибөлімінің Ішкі әскерлерінің жиынтық ротасымоджахедтердің шабуылына ұшырады, ондатең емес шайқаста осы бөлімшенің 17 әскериқызметшісі қаза тапты. Отыз үш офицер мен сарбаз қатыгез, өлімге толы шайқастажараланды. Біз әрқашан жас жігіттердіңжарқын естеліктерінің алдында басымыздыиеміз», деді 6506 әскери бөлімінің командиріполковник Марат Рахпанов өз сөзінде.

Сондай-ақ, іс-шара барысында қаза тапқанжауынгер Бақбаев Қалмақанның анасы Ұрқияапа және тәжік-ауған шекарасындағы қайғылыоқиғаларға қатысушы запастағы полковник Ошақбай Сейітбеков сөз сөйледі.

Еске алу іс-шарасы аяқталғаннан кейін оныңқатысушылары 6506 әскери бөліміне көшіп, онда бөлімде орнатылған еске алу обелискісінегүл шоқтары мен гүлдер қойды.

Естеріңізге сала кетейік, 1993-1999 жылдараралығында Ішкі әскерлердің екі мыңнан астамәскери қызметшісі қазақстандық жиынтықбатальон құрамында ТМД-ның сыртқышекараларын күзету бойынша жауынгерлікміндеттерді орындаған болатын. Ішкі әскержауынгерлері үшін қайғылы оқиға 1995 жылы 7 сәуірде болды. 29 жыл бұрын ТәжікстанРеспубликасының Пшихавр таулы шатқалындашектес жақтан жоғары бандалық күштермен теңемес шайқас басталды. Тең емес жекпе-жек төртсағаттан астам уақытқа созылды, 17 жассарбаздың өмірін қиды, көбісі жарақат алды.

ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлікқолбасшылығының баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *