ШЫМКЕНТ: АССАМБЛЕЯ ӨКІЛДЕРІ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНА 20 ТОННА КӨМЕК ЖІБЕРДІ

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері “Жүректен жүрекке” акциясы аясында су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысына гуманитарлық көмек жөнелтті ,-деп хабарлайды Bozyq.kz Ақпарат агенттігі. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына байланысты жолдаған Үндеуінде: — Баршаңызға белгілі, қазір елімізде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Қардың күрт еруіне байланысты аймақтарда су тасқыны болып жатыр. Бұл – табиғи апат. Мұндай ахуал ұзақ жылдан бері болмаған. Бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат деуге болады. Су тасқынына байланысты еліміздің он аймағында төтенше жағдай жарияланды, яғни Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында. Атқарушы органдар жіберген олқылықтарды түзеу үшін мен шұғыл түрде нақты тапсырмаларды бердім. Қазір барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Үкімет қарғын судың салдарын жоюға бар күшін салуда. Премьер-Министрдің басшылығымен Республикалық штаб құрылды. Премьер-Министрдің өзі, оның орынбасарлары және Төтенше жағдайлар министрі апат болған аймақтарды аралап жүр. Барлық құтқару жұмыстары менің тікелей бақылауымда. Су тасқынымен күресуге Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық ресурсы тартылды. Сондай-ақ құтқару жұмыстарына Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан, Қарулы Күштер және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары белсене атсалысып жатыр. Зардап шеккен аймақтардың әкімдіктері күндіз-түні жұмыс істеуде. Ондаған мың волонтер де көмектесіп жүр. Жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз, барлығын қалпына келтіреміз. Ең бастысы – азаматтардың амандығы,—деген болатын.

«Ассамдлея мүшелері болып жатқан жағдайға қарап тұрмай қолдан келгенше Шымкент қаласының тұрғындары мен Ассамблея мүшелері көмегімен «Жүректен жүрекке» акциясы аясында осындай көмек көрсетіп жатырмыз. Бүгінгі ораза кезіндегі тілегім еліміз аман болсын. Алла сабыр берсін. Мынау құлаған үйлердің орны толсын,- дейді Шымкент қалалық өзбек этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Тахирбек Нышанбаев.

Ассамблея мүшелері екі күннің ішінде Шымкенттің екі бұрышынан арнайы бекет ашып, этнос белсенділері жинаған 20 тоннаға жуық көмекті (11 тонна макорон өнімдері, 5 тонна ауыз су, 1 тонна тұрмыстық химия (сабын, шампунь, тіс пастасы, жөргек (подгузник), поршок, азық-түлік өнімдерін (сұйық май, ұн, күріш, қарақұмық), 103 дана төсек жаймасы, 40 матрас, 20 жастық, 40 жұп галош, 20 жұп арнайы киім, 20 жұп етік және жылы киімдер және полиэтилен қапшықтарын және т.б. заттарды) жүк көлігіне артып, жалпы соммасы 10 млн. теңгеден асатын гуманитарлық көмекті шығарып салды.

«Құрметті отандастар қазір еліміз үшін қиын қыстау уақыт. Осы кезде біздің Ассамблея мүшелері де қол қусырып қарап қалмай, өз көмегін тигізуді жөн санады. Сондықтан тонналап бұзылмайтын азық-түлік жинап, тауарларды жөнелткелі жатырмыз. Еліміз аман болсын,-дейді штаб басшысының орынбасары Юрий Пан.

Айта кетейік, қазіргі таңда қаладағы этнос өкілдері су тасқынынан зардап шеккендерге көмек беру мақсатында ашылған банктік есеп-шотқа қаржы аудару жұмыстарын қолға алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *