ТІС АУРУЫ АСҚЫНҒАН НАУҚАСҚА МӘМС ЕСЕБІНЕН КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ

Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасында 6 жылдан бері тіс ауруының асқынуынан зардап шегіп келген 21 жастағы қызға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС)   есебінен күрделі ота жасалды,-деп хабарлайды Bozyq.kz. Ота құны 475 мың теңгені құрады.

Науқасты үнемі өткір бас ауруы, беттің ісінуі мен гайморит белгілері мазалап келген. Бет-жақ хирургиясы бөлімшесінің білікті дәрігерлер құрамы оған шұғыл ота жасап, дерттен сауықтырды.

Қалалық №1 клиникалық ауруханасында құлақ-мұрын-тамақ және жақ-бет әлпет ауру¬ларына жоғары мамандандырылған диагностикалық және емдік шаралары көрсетіледі. Аса күрделі бет-жақ сүйек аумағын қайта жаңарту, қалпына келтіру сынды күрделі ота түрлері жасалады. Жыл басынан бері аталмыш аурухананың бет-жақ хирургиясы бөлімшесінде  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС)  есебінен 13 күрделі ота жасалған. Біле жүріңіз! МӘМС жүйесі үшін халықтың сенімі мен ел саулығы қымбат. Әлеуметтік медициналық сақтандырылу – денсаулық кепілі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды.  Біз Мемлекет басшысының Жолдауын толық қолдаймыз және қойылған міндеттерді іске асыру үшін барлық күш-жігерімізді, тәжірибеміз бен біліктілігімізді саламыз-дейді Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры КЕАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының мамандары.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы халықтың ақпараттануын арттыру үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры «Medinform» https://t.me/medinform_fms Телеграм-арнасын іске қосылған. Арнада Қазақстанда медициналық көмек алу туралы ақпараттар, инфографикалар, бейнероликтер, сұрақтар мен жауаптар, жиі қойылатын сұрақтар мен жауаптар, сондай-ақ ауруларды емдеу, олардың алдын алу бойынша өте маңызды ақпараттар мен медициналық көмек алу мүмкіндіктері туралы басқа да маңызды ақпараттар үнемі жарияланып тұрады.

Сонымен қатар, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot секілді ыңғайлы байланыс арналары бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *