ШЫМКЕНТ: ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ТӨРТІНШІ ЛЕГІН СОЛТҮСТІККЕ ЖӨНЕЛТТІ

Шымкенттегі қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы ашқан бекеттен 33 тонна гуманитарлық көмек жүк көлігіне артылып, тасқын судан зардап шеккен Солтүстік Қазақстан облысына аттанды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» жобасы аясында жиналған құны 9,5 млн. теңгеден асатын көмек қатарында азық-түлік өнімдері мен керекті заттар жиынтығы (тазартылған ауыз су, минералды су, ұн, макарон өнімдері, күріш, тушенка (бұқтырылған ет), балалар тағамы, сүт, жедел пісетін кеспе, қант, өсімдік майы, печенье, тұз, шай сынды түрлі азық-түлік өнімдері мен сүлгі, жөргек (подгузник), кір жууға арналған ұнтақ (порошок), сабын, шампунь, тіс пастасы, дәретхана қағазы, ыдыс жууға арналған сұйықтық, гигиеналық заттар, ылғалды салфетка, аяқ киім, матрас, одеяло, төсек жаймасы, төсек қапшығы және т.б.) бар.

Бұл жолы жергілікті ассамблея белсенділері су алған өңірлер үшін аса қажетті: үрлемелі қайық, су соруға арналған насос, резіңке етік, ұзын резіңке етік, құтқарушы жилеткасы, фонарь, күрек, қолғап, шланга сынды заттар топтамасын да қоса жөнелтті.

Бұған дейін  Шымкент қалалық ҚХА-ның үйлестіруімен 60 тоннадан астам (құны 40 млн. теңгеден астам) гуманитарлық көмек су тасқынынан зардап шеккен Атырау  және Батыс Қазақстан облысына үш лекпен жөнелтілген болатын.

Өз кезегінде ассамблея белсенділері игі іске асталысып, сын сағатта қол созған шымкенттік компаниялар мен қарапайым тұрғындарға алғыс білдіреді.

Су тасқынына байланысты еліміздің он аймағында Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында төтенше жағдай жарияланды.  Үкімет қарғын судың салдарын жоюға бар күшін салуда. Премьер-Министрдің басшылығымен Республикалық штаб құрылды. Зардап шеккен аймақтардың әкімдіктері күндіз-түні жұмыс істеуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *