«КИЕЛІ МЕКЕН»: ҮШ ЖҮЗДІҢ БАСЫ ҚОСЫЛҒАН ОРДАБАСЫ ТАУЫНДА ҚАРИЯЛАР КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗДЫ

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы жалғасуда. Бүгін  бірліктің бастауы болған қасиетті Ордабасы тауында сенбілік өтті. Шараға ауылдың қазыналы қариялары мен ақ жаулықты аналары ағаш көшеттерін отырғызып, киелі мекеннің тазалығына атсалысты.

Ордабасы тауының қойнауында 1726 жылы қазақтың үш жүзінің игі жақсыларының басы қосылып, жоңғар басқыншылығына қарсы күреске халықты жұмылдыру жайы талқыланған. Бұл жиын — қазақ елі тарихындағы аса ауыр сын кезінде халықтың рухын көтеріп, ұлттық намыстың отын жаққан, алдағы ұлы шайқастарға біртұтас ел болып аттанудың тағдырын шешкен аса маңызды оқиға. Осы кезден бастап Ордабасы тауы — киелі, әулиелі жер саналып келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *